• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Аудан әкімі қорғаныс істері бөлімі мен жедел жәрдем станциясының жұмысымен танысты

Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне барып, бөлімнің, сондай-ақ оған қарасты әскерге шақыру пунктінің жұмысымен танысты. Сапар барысында мекеменің қазіргі қызметі, материалдық-техникалық жағдайы және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының барысы талқыланды, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

16.09.2026
in Денсаулық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қазіргі таңда қорғаныс істері жөніндегі бөлімде азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке қабылдауға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Әскерге шақырылатын азаматтар белгіленген тәртіпке сәйкес медициналық тексеруден өтіп, олардың денсаулық жағдайы мен әскери қызметке жарамдылығы анықталуда. Сонымен қатар құжаттарды рәсімдеу, шақырылушыларды жинақтау және әскери бөлімдерге жөнелту жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылған.

Аудан әкімі әскерге шақыру пунктіндегі арнайы кабинеттерді аралап, азаматтарды қабылдау барысымен танысты. Жауапты мамандардан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат алып, шақырылушыларға қажетті жағдай жасау, медициналық тексерудің сапалы әрі талапқа сай өткізілуі маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында ғимаратқа өткен жылы 188 млн теңге көлемінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жөндеу барысында нысанның сыртқы қасбеті жаңғыртылып, ішкі әрлеу жұмыстары толықтай атқарылды. Сонымен бірге инженерлік-коммуникациялық желілер мен жылу жүйесі қайта жаңартылып, ғимараттың жалпы жағдайы жақсартылды.

Биыл Қазалы ауданы бойынша күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында 58 азаматты әскери қызметке жөнелту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дейін олардың 39-ы облыстық жиын пунктіне жіберілген. Оның ішінде 19 азамат Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери бөлімдері мен Ұлттық ұлан сапына жөнелтілді.

Әскерге шақыру науқаны кезінде жас азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, олардың медициналық тексеруден толық өтуін қамтамасыз ету және әскери қызметке жөнелту жұмыстарын талапқа сай ұйымдастыруға ерекше мән берілуде.

Аудан әкімі қорғаныс істері жөніндегі бөлімдегі жұмыс барысымен танысқаннан кейін Қазалы жедел жәрдем станциясына барды. Мұнда аудан басшысына станцияның күнделікті қызметі, медициналық қызметкерлердің еңбек жағдайы, материалдық-техникалық базасы және тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету сапасы жөнінде баяндалды.

Қазіргі таңда Қазалы жедел жәрдем станциясында 99 қызметкер еңбек етеді. Станцияның қарамағында 9 санитарлық автокөлік бар. Тұрғындарға тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсету үшін күндізгі ауысымда 4, ал түнгі ауысымда 5 жедел жәрдем бригадасы қызмет атқарады.

Жедел жәрдем қызметінің негізгі міндеті – тұрғындардың шақыртуына уақытылы жетіп, науқасқа алғашқы медициналық көмекті шұғыл көрсету. Осы ретте бригадалардың үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуі, санитарлық автокөліктердің техникалық жағдайы және медицина мамандарының еңбек етуіне қолайлы жағдайдың жасалуы маңызды.

Алдыңғы мақала

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

Келесі мақала

Қазалыда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысы бақылауда

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі