• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сырдария: «Жалын» сауықтыру лагерінің жазғы маусымы ашылды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен «Жалын» тынығу лагерінің жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

04.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты жиында аудан басшысы жиналған қауымды лагерьдің басталуымен құттықтап, өскелең ұрпақтың сапалы демалысын ұйымдастыру мен олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өскелең ұрпақтың жақсы өмір сүруі мемлекеттің басты міндеті екенін атап көрсетті. Сондықтан елімізде балаларға барлық жағдай жасалып келеді. Бүгінде білім беру саласын дамыту, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту, заманауи технологияларды енгізу, балалар спорты мен шығармашылығын қолдау бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен өңірімізде жаңа білім беру нысандары бой көтеріп, заманауи мектептер мен балабақшалар ашылуда. Соңғы жылдары аймағымызда білім беру саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылып,

45 жаңа заманауи білім беру нысаны ел игілігіне берілді. Президентіміздің бастамасымен облысымызда «Келешек мектептері», физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты, «Оқушылар сарайы» «Сыр жұлдыздары» академиясы және «Ай-Керім» оқу-сауықтыру орталығы, ботаникалық бақ ашылды. Бұл – балалардың болашағын жарқын етудегі нақты жұмыстар. Жазғы маусымда балалардың демалысын ұтымды ұйымдастыру үшін аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагерінде 791 бала, мектеп жанындағы лагерьлерде 3306 бала қамтылады. «Жалын» тынығу лагерінде уақыттарыңды көңілді өткізу үшін мәдени-спорттық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Мұның барлығы Сіздердің бос уақыттарыңызды тиімді ұйымдастырып, жақсы демалуларыңызға мүмкіндік береді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік іс-шара тынығушылардың қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

Алдыңғы мақала

Аудандағы қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мәселесі талқыланды

Келесі мақала

“Рәміздер рухы — Конституция күші” атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі