• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 23 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Кітап пен руханият ұлықталған күн

Бүгін Шиелі ауданында «Руханият» орталығында 23 сәуір – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар мерекесіне орай «Рухани әлем» атты ашық аспан астында кең көлемді мәдени шара ұйымдастырылды. Тағылымы мол жиын кітап пен руханияттың қоғам өміріндегі маңызын айқындап, оқырман мәдениетін насихаттауға бағытталды, деп- «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

23.04.2026
in Мәдениет, Өнер
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сөз сөйлеп, кітаптың адамзат өркениетіндегі орнына ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде:
– Кітап – адамзаттың рухани байлығының алтын қазығы, ұлттың ой-санасын қалыптастыратын басты құндылық. Қай кезеңде болмасын, білім мен парасаттың бастауы – кітап. Сондықтан кітапханашылардың еңбегі қашанда құрметке лайық, – деп атап өтті.
Сонымен қатар, ол кітапхана қызметкерлерінің қоғамдағы ағартушылық рөліне жоғары баға беріп, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі орны айрықша екенін жеткізді.

Мерекелік іс-шара аясында кітап саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар кітапхана қызметкерлері мен белсенді оқырмандар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бұл – олардың еңбегіне көрсетілген лайықты құрметтің белгісі болды.

Кеш барысында қатысушылар назарына түрлі тақырыптық кітап көрмелері ұсынылып, әдеби-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды. Ашық аспан астындағы форматта өткен шара еркін пікір алмасуға, рухани сұхбат құруға мүмкіндік беріп, кітапсүйер қауымның басын қосты. Қатысушылар кітап оқу мәдениеті мен оның қазіргі қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті.

Сонымен қатар, жиында «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова сөз сөйлеп, кітап пен руханиятты дәріптеуге бағытталған мұндай бастамалардың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде жастарды кітап оқуға баулу – ұлт болашағына салынған инвестиция екенін атап өтті. Шара соңында партия атынан бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табысталды.

Жалпы, мазмұнды өткен мәдени шара оқырман мен кітапхананы жақындатып, рухани құндылықтарды насихаттайтын маңызды алаңға айналды. Кітапқа деген құрметті арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы мұндай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Лирика әлемінің шамшырағы: Қатира Жәленовага құрмет

Келесі мақала

Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды

Оқи отырыңыз

Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды
Қоғам

Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды

Лирика әлемінің шамшырағы: Қатира Жәленовага құрмет
Өнер

Лирика әлемінің шамшырағы: Қатира Жәленовага құрмет

Заманауи терапия: “Майнд машинасының” мүмкіндігі
Құқық

Заманауи терапия: “Майнд машинасының” мүмкіндігі

Білім бұлағына бет бұрған сапар
Құқық

Білім бұлағына бет бұрған сапар

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Заманауи терапия: “Майнд машинасының” мүмкіндігі

Білім бұлағына бет бұрған сапар

Үздіксіз жұмыстың үш айлық қорытындысы

Аудан әкімі жол құрылысы жұмыстарының барысын бақылады

Жаңақорған ауданының әкімі жауаптыларға мүгедектігі бар тұрғындарды жұмысқа орналастыруды тапсырды

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ)

Өзекті жаңалықтар

Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды
Қоғам

Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды

0

Осы жұмыс аясында Freedom Travel қосымшасында азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық...

Кітап пен руханият ұлықталған күн

Кітап пен руханият ұлықталған күн

Лирика әлемінің шамшырағы: Қатира Жәленовага құрмет

Лирика әлемінің шамшырағы: Қатира Жәленовага құрмет

Заманауи терапия: “Майнд машинасының” мүмкіндігі

Заманауи терапия: “Майнд машинасының” мүмкіндігі

Білім бұлағына бет бұрған сапар

Білім бұлағына бет бұрған сапар

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қауіпсіздіктің цифрлық сүзгісі: Freedom Travel қосымшасында жолаушыларға арналған профилактикалық ескерту пайда болды
  • Кітап пен руханият ұлықталған күн
  • Лирика әлемінің шамшырағы: Қатира Жәленовага құрмет
  • Заманауи терапия: “Майнд машинасының” мүмкіндігі
  • Білім бұлағына бет бұрған сапар
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі