• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

Лирика әлемінің шамшырағы: Қатира Жәленовага құрмет

Шиелі ауданында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, сыршыл лирик ақын Қатира Сыздыққызы Жәленованың 75 жылдық мерейтойына арналған тағылымды рухани кеш өтті. “Руханият” орталығында ұйымдастырылған «Әдебиет пен сезімнің тоғысуы» атты кездесу кеші ақын шығармашылығын ұлықтауға, оның әдеби мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталды деп,- «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

23.04.2026
in Өнер, Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері, жастар мен аудан тұрғындары қатысты. Кештің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сөз алып, аудан әкімі атынан мерейтой иесіне жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Ол өз сөзінде Қатира Жәленованың ұлттық әдебиетімізге қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, ақын поэзиясындағы нәзік лиризм, терең сезім мен адам жанының сырлы иірімдері оқырман жүрегінен орын алғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, мерейтой иесіне арнайы құттықтау хат табысталып, құрмет көрсетілді.

Кештің негізгі бөлімі сұхбат форматында өрбіп, көрермен қауым ақынның өмір жолы мен шығармашылық әлеміне терең бойлады. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Қатира Сыздыққызы өзінің шығармашылық жолы, шабыт бастаулары мен поэзиядағы ізденістері жайлы мазмұнды ойларымен бөлісті. Ақынның жүрек тербетер лирикалық жырлары оқылып, кешке жиналған қауымға ерекше рухани әсер сыйлады.

Сонымен қатар, аудан өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындап, әдеби-сазды кештің мазмұнын байыта түсті. Әсем әуен мен көркем сөз үндескен бұл кеш көрермендерге айрықша әсер қалдырып, рухани байлықтың мәнін терең сезінуге мүмкіндік берді.

Тағылымды шара барысында қатысушылар қазақ поэзиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ақынға деген құрметін білдіріп, оның шығармашылығы ұлт руханиятының ажырамас бөлігі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Кеш соңында мерейтой иесіне ізгі тілектер айтылып, шығармашылық табыс пен ұзақ ғұмыр тіленді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Арал ауданында кітап фестивалі өтті

Келесі мақала

Кітап пен руханият ұлықталған күн

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі