• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: Көмір өнеркәсібі мен ветеринария саласында атқарылған жұмыстар талқыланды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте бірқатар өзекті мәселелер қаралып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Күн тәртібінде алдымен көмір өнеркәсібі, алдағы 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына қажетті қатты отын қорын жоспарлау және елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

07.04.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Өткен жылу маусымда жоспарланған 17 мың тонна көмірдің орнына ауданға 14 200 тонна көмір жеткізілгенімен, тұрғындар арасында қатты отынға деген тапшылық орын алмаған. Оның басты себебі — соңғы жылдары елді мекендердің табиғи газға қосылуына байланысты көмірге сұраныс төмендеп отыр.

Осы ретте, аудан әкімі тиісті сала басшыларына биылғы жылға елді мекендерді газдандыру бойынша жоспарланған Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түкібаев ауылдарын газдандыру жұмыстарын жоспарға сәйкес жүргізу, келер жылғы жылу беру маусымына қажетті қатты отын қорын нақты жоспарлап, облысқа ұсыныс беру жөнінде тапсырмалар берді.

Мәжілісте ветеринария саласының атқарылған жұмыстары мен алдағы міндеттері де кеңінен қаралды. Аудан басшысы өңірде эпизоотиялық ахуал тұрақты болғанымен, саладағы бірқатар кемшіліктер сынға алып, мал шаруашылығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың алдын алу және ветеринариялық-профилактикалық шараларды жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.

Атап айтқанда, иесіз жануарларды аулау, мал қорымдарының және мал тоғыту ванналарының жай-күйі, сондай-ақ ветеринариялық пункттердің санитарлық жағдайы бойынша қатаң ескертулер берді. Жауаптыларға аталған нысандарды қысқа мерзімде ретке келтіру және бақылауды күшейту тапсырды.

Аудан басшысы 2026–2027 жылдары аудан аумағында 14 мал қорымын салу жоспарланып отырғанын айтып, ауыл әкімдері мен жауапты сала басшысына олардың сапасы мен қолайлы орналасуын қатаң бақылауды тапсырды. Сондай-ақ көктем мезгілінде белең алатын аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шараларын күшейту мәселесіне де тоқталып өтті.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты макроэкономикалық көрсеткіштерді орындау, төтенше жағдайлардың алдын алу, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, инфрақұрылым нысандарының жай-күйін бақылау және кәсіпкерлік нысандарды ретке келтіру бағытында тиісті сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Алдыңғы мақала

Жол қозғалысы қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде

Келесі мақала

Көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі