• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көмір өнеркәсібі мен генерациясын дамыту мәселесі қаралды, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

07.04.2026
in Әлеумет және экономика
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін осы және өзге де мәселелерге орай жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

«Мамырдың 1-не дейін алдағы жылу беру маусымына дайындық жөніндегі штабтарды құрып, тиісті іс-шаралар жоспарын бекітіңіздер. Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары 25 тамызға дейін толық аяқталуы тиіс. Әлеуметтік нысандарға сұйық және қатты отынды келісімшартта көрсетілген бағамен уақытылы жеткізіп, жылу қазандықтарын сұйық отыннан табиғи газға ауыстыру керек. Жылу орталығының қазандықтарын, желілерді жөндеу мерзімі 1 қазанға дейін деп белгіленген. Алдағы жылу беру маусымына дайындыққа күнделікті мониторинг жүргізіп, жұмыстың сапасына баса мән беру қажет», – деді ДАНИЯР ЕРЕНҒАЛИҰЛЫ.

Айта кетейік, өңірде жылу беру маусымы штаттық режимде, кедергісіз өтті. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы арқылы 124,8 мың тонна көмір жеткізілді. Ал алдағы жылу беру маусымына жалпы 111 мың тонна, тұрғындарға 93 мың, әлеуметтік нысандарға 18 мың тонна көмір қажет.
Қазіргі уақытта елді мекендерді газдандыру қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы 11 ауылдың тұрғындары табиғи газ тұтынуды бастаса, биыл тағы 10 ауылға көгілдір отын жеткізу жоспарланған.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласында 240 мегаватт электр энергиясын және 277 гигакалория жылу энергиясын өндіретін жаңа жылу-электр орталығы салынды. Жоба «Акса энерджи» түрік компаниясының 215 млрд теңге инвестициясына жүзеге асты. Бүгінде орталықтың 176 мегаватт электр энергиясын өндіру қуаттылығы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қолдауымен қуаттылығы 1100 мегаватт бу-газ қондырғысы салынады. Жобаны Urbacon Concessions Investments WLL компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қорының бірлескен кәсіпорны жүзеге асырады. Қондырғыны 2029 жылы толық іске қосу жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалы: Көмір өнеркәсібі мен ветеринария саласында атқарылған жұмыстар талқыланды

Келесі мақала

Арал ауданында жылу маусымы қорытындыланды

Оқи отырыңыз

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Оқиғалар

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды
Құқық

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі