• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 25 мамыр, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Қоңыраудың соңғы сыңғыры

Бүгін Шиелі ауданындағы барлық білім ордаларында ерекше толқыныс пен қуанышқа толы “Соңғы қоңырау” салтанатты шаралары аталып өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

25.05.2026
in Білім
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мектеп қабырғасымен қоштасқан түлектер үшін бұл күн — балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар тарихи сәт.

Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның іргелі білім ошақтарының бірі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен салтанатты шараға қатысып, бітіруші түлектерге ақжарма тілегін арнады. Іс-шараға білім саласының ардагерлері, ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысып, жас түлектерге ізгі ниеттерін білдірді.

Салтанатты шара барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектер мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.

— «Мектеп – білім мен тәрбие беретін киелі шаңырақ. Бүгінгі жас түлектер – еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Сіздердің әрқайсыларыңыздан елге қызмет ететін білімді, еңбекқор, отаншыл азамат шығады деп сенемін», – деді аудан әкімі.

Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласына айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, Сыр өңірінде соңғы жылдары білім инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді.

Атап айтқанда, облыс көлемінде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынып, оның ішінде 45 жаңа білім беру ұйымы пайдалануға берілген. Президент бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептер бой көтеріп, оқушылар сарайы, «Сыр жұлдыздары» академиясы, музыкалық колледж секілді маңызды нысандар ел игілігіне табысталды.

Шиелі ауданында да білім беру саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы Байсын ауылында №207 Жаңатұрмыс орта мектебі пайдалануға берілсе, 2024 жылы Жансейіт ауылындағы №133 негізгі мектеп ел игілігіне тапсырылды. Сонымен қатар, №252 Г.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының қосымша бастауыш сынып ғимараты іске қосылып, өткен жылы аудан орталығында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» пайдалануға берілді. Сондай-ақ, №219 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылды.

Аудан мерейін асқақтатқан дарынды жастардың қатарында №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің егіз түлектері Алтынсары Кәусар мен Алтынсары Гауһар ерекше аталды. ҰБТ қорытындысы бойынша Кәусар 140 балл жинаса, Гауһар 139 балл иеленіп, үздік нәтижелерімен аудан абыройын биіктетті.

Сондай-ақ, аудан әкімі ұстаздардың ерен еңбегіне ерекше тоқталып, білім мен тәрбиенің сапалы болуы – мұғалімдердің қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, шәкірт тәрбиелеу жолындағы барша педагогтердің еңбегі әрдайым құрметке лайық», – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 37 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. Бұл — білім саласына көрсетіліп отырған нақты қолдаудың нәтижесі.

Биыл Шиелі ауданында 1118 оқушы мектеп бітірсе, олардың 938-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда. 93 оқушы «Алтын белгіге», 108 түлек «Үздік аттестатқа» ұсынылған.

Мерекелік салтанатты шара мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасып, соңғы қоңырау үнімен және мектеп бітіруші түлектердің әсерлі вальсімен қорытындыланды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

Оқи отырыңыз

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды
Қоғам

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

«Заң мен тәртіп»: «Құқықтық тәрбие — қауіпсіз қоғамның кепілі»
Құқық

«Заң мен тәртіп»: «Құқықтық тәрбие — қауіпсіз қоғамның кепілі»

«Таза Қазақстан» ацкиясына қатысқан жалағаштықтар марапатқа ие болды
Саясат

«Таза Қазақстан» ацкиясына қатысқан жалағаштықтар марапатқа ие болды

Мәденит саласының қызметкерлері марапат төрінде
Мәдениет

Мәденит саласының қызметкерлері марапат төрінде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Таза Қазақстан» ацкиясына қатысқан жалағаштықтар марапатқа ие болды

Мәденит саласының қызметкерлері марапат төрінде

«Жастар есірткіге қарсы!» – Қызылорда облысында капстекингтен ашық жарыс өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының белсенді қатысушылары марапатталды

Шиеліде мәдениет және өнер қызметкерлері ұлықталды

Шиелілік егіз қыздар ҰБТ-да жоғарғы нәтиже корсетті

Өзекті жаңалықтар

Қоңыраудың соңғы сыңғыры
Білім

Қоңыраудың соңғы сыңғыры

0

Мектеп қабырғасымен қоштасқан түлектер үшін бұл күн - балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар тарихи сәт....

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

«АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды

«Заң мен тәртіп»: «Құқықтық тәрбие — қауіпсіз қоғамның кепілі»

«Заң мен тәртіп»: «Құқықтық тәрбие — қауіпсіз қоғамның кепілі»

«Таза Қазақстан» ацкиясына қатысқан жалағаштықтар марапатқа ие болды

«Таза Қазақстан» ацкиясына қатысқан жалағаштықтар марапатқа ие болды

Мәденит саласының қызметкерлері марапат төрінде

Мәденит саласының қызметкерлері марапат төрінде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қоңыраудың соңғы сыңғыры
  • «АЙБЫН — 2026» облыстық іріктеу кезеңінің жүлдегерлері марапатталды
  • «Заң мен тәртіп»: «Құқықтық тәрбие — қауіпсіз қоғамның кепілі»
  • «Таза Қазақстан» ацкиясына қатысқан жалағаштықтар марапатқа ие болды
  • Мәденит саласының қызметкерлері марапат төрінде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі