• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Көркем сөзбен кестеленген кеш

Мұқағали Мақатаевтың қазақтың маңдайына біткен арқалы ақын екенін мұқым ел тегіс біледі. Бүгін оның дүние дидарын көрген күні. Ақынның туғанына 95 жыл толуына орай, қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №6 кітапхананың ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілерге поэзия сағаты өткізілді.

09.02.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәдени іс-шараның шымылдығын мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Тұрымбетов Мирамбек Ұзақұлы ашып берді. Кейін кітапхананың аға кітапханашысы Тайлыбаева Айнұр Нұрылдақызы ақынның өмір жолына тоқталып, керек деректермен бөлісті. Бұл ретте, жазасын өтеушілер де білгенін ортаға салып, Мұқағали поэзиясын парақтап, өлең оқи жөнелді. Осы бір сәтте шығармашылық әлеуеттің жоғары екені байқалғаны рас.

Мазмұнды іс-шара сазды үнмен жандана түсті десек, артық емес. Баян аспабының сүйемелдеуімен М.Мақатаевтың сөзіне жазылған “Сәби болғым келеді”, “Есіңе мені алғайсың” сынды сезімді сөйлетер әндер шырқалды.

Сонымен қатар, Гүлзат Залиева да ақиық ақынның шығармашылығы жайында шабыттана сөйлеп, туындысына терең бойлап, талдау да жасады. Мұның бәрі жақұт жыр мен есті әнді жадыда қайта жаңғыртқанына шүбә жоқ.

Іс-шара соңында жазасын өтеушілер басшылық пен кітапхана ұжымына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, кітапхана ұжымы мекемеге он шақты кітап тарту етті. Алдағы уақытта да қос тараптың рухани байланысы үзілмек емес.

Алдыңғы мақала

Мекеме қызметкерлері Мұқағали мұрасын дәріптеді

Келесі мақала

Өнер орталығында Заманбек Нысанбаевтың “Жайсаң дала” атты жеке шығармашылық кеші өтті

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі