• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Мәслихат сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Бүгін аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліштің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен 60-шы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлімдер басшылары және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

07.08.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сессияның күн тәртібінде қозғалған 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне және ауданның 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы мәселелері бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап хабарлама жасады.

Жиында аудан әкімі сөз сөйлеп, 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістерге тоқталып өтті.

-2026 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі 13,6 млрд. теңге болып бекітіліп, бүгінгі күнге 18,9 млрд. теңге болып нақтыланды. Оның ішінде өз кірістеріміздің жоспары 4 млрд. 269,4 млн. теңге болса, 4 млрд. 362,2 млн. теңге болып бекітілді. Бүгінгі күні аудан бюджеті нақтыланып, аудан халқының игілігіне бағытталған бірқатар маңызды жобаларға қаржы қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, жол жөндеу, Әйтеке би кентіндегі жаңа кварталдағы жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік инфрақұрылым салу, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, елді мекендердегі жеке тұрғын үй секторының инженерлік инфрақұрылым құрылысын жүргізу, елді мекендерді газдандыру жобаларын жүзеге асыру және тағы да басқа аудан халқының игілігіне бағытталған жобаларды жүзеге асыруға қаржы бөлініп отыр. Осы ретте барша аудандық мәслихаттың депутаттарын, кент, қала және ауылдық округ әкімдері мен мекеме, кәсіпорын басшыларын Президентіміздің, Үкімет басшысының және облыс әкімінің тапсырмалары мен алға қойған міндеттерін жоғарғы деңгейде жүзеге асырып, ауданда басталған игі бастамаларды одан әрі дамыту жолында бірлесе, аянбай жұмыс жасауға шақырамын, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Сессия отырысында «Қазалы аудандық мәслихатының депутаты Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлының депутаттық өкілеттігі туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аманбай Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысының негізінде Нұрғиса Жаппарбергенұлының Қазалы аудандық мәслихатының депутаты өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқталғанын хабарлады.

Сессияда аудан басшысы елімізде 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауы — қоғамның әртүрлі саласындағы белсенді әрі білікті азаматтардың басын қосып, елдің өзекті мәселелерін талқылауға және ортақ шешімдер қабылдауға бағытталған маңызды саяси оқиға екенін жеткізді. Осы ретте барша жиынға қатысушыларды елдің ертеңіне жауапкершлікпен қарап, Құрылтай сайлауына белсене қатысуға, берекелі бірліктің үлгісін көрсетіп, Мемлекет басшымыздың бастамаларына қолдау көрсетуге шақырды.

Жиын соңында Нұрғиса Жалғасбаевқа депутаттық өкілеттігі кезінде атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қазалы ауданының ең жоғары наградасы «Құрмет грамотасын» табыстады.

Сессия алдында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізіліп, сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер талқыланды.

 

 

Алдыңғы мақала

Қазалыда Халықаралық жастар күніне арналған апталық іс-шаралар өтуде

Келесі мақала

Құрылтай сайлауы — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі