• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 16 қараша, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесіп, әңгімелесті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.10.2025
in Қоғам
0
memleket baswysy
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Президент аймақтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, алдағы уақытта да ауқымды жұмыс атқарылатынын айтты. Сондай-ақ бірқатар мәселе бойынша пікірімен бөлісті.

– Дүние жүзіндегі ахуал баршаңызға жақсы мәлім. Әлемдегі жағдай бұлыңғыр, құбылмалы. Сондықтан, ең алдымен, жастарға көңіл аудару қажет. Жастарымыз – дарынды, қабілетті. Оларға дұрыс бағдар көрсетіп, жақсы тәрбие, тәлім беру маңызды. Қазіргі заманда есірткі, нашақорлық секілді сын-қатерлер аз емес. Жастардың болашағы – білімде. Ойы ұшқыр, көкірегі ояу, көзі ашық жастар – біздің келешегіміз. Бәріміз бір ұлт болып, ел үшін, халық үшін жұмыс істеуіміз керек, – деді Президент.
🟦

Мемлекет басшысы елімізді өркендету жолында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі.

– «Таза Қазақстан» акциясы кең ауқымда жүргізілуде. «Таза» деген – жақсы сөз. Ең алдымен, арымыз, ниетіміз таза болуы керек. Жалпы Қазақстан таза болуы қажет. Бұл – болмысымызға әсер ететін үлкен іс. Екінші, цифрлық мемлекет құру. Заманауи, озық елге айналуымыз керек. Әйтпесе дамыған елдер көшінен қалып қоямыз. Сондықтан цифрландыруды, жасанды интеллектіні міндетті түрде дамыту қажет. Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы суперкомпьютер іске қосылды. Бұдан бөлек, атом стансаларын салуымыз керек. Қазір бірінші стансаның құрылысы басталды. Таяу арада екінші АЭС жобасын қолға аламыз, – деді Мемлекет басшысы.
🟦

Президент өңір үшін су тапшылығы өте өзекті мәселе екенін жеткізді.

– Су тапшылығына баса назар аударамыз. Келешекте де су мол болады дей алмаймыз. Оған дайын болуымыз керек. Су үнемдеудің жоғары технологиясын қолданғанымыз жөн. Мемлекет субсидия беріп жатыр. Биыл ауыл шаруашылығына 1 триллион берді. Бұл – үлкен мүмкіндік, – деді Мемлекет басшысы.
🟦

Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет, өнер саласына мән беретініне тоқталды. Астана мен Алматы қалаларында тәулік бойы қызмет көрсететін екі бірдей Президенттік кітапхана салынып жатқанын жеткізді. Болашақта осы секілді үшінші кітапхана Қызылорда қаласында ашылуы мүмкін екенін айтты.

t.me/aqorda_resmi

Алдыңғы мақала

Президент Өнер орталығына барды

Келесі мақала

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Оқи отырыңыз

Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матчтың алғашқы таймында  гол соқты
Спорт

Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матчтың алғашқы таймында гол соқты

Ер адам 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтірген
Оқиғалар

Ер адам 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтірген

Қазалыда көгершіндер көрмесі өтті
Қоғам

Қазалыда көгершіндер көрмесі өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті
Қоғам

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Көпқабатты тұрғын үйлердің есіктері ауыстырылып, су қыспақты мұнара жөнделуде

«Арқа сүйер азаматым жоқ! Абылайым жоқ!»-Арман Дүйсеновтің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

Мәжілісте тазалық мәселесі қаралды

Аудан әкімі партия алаңында жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі еңбек және тыл ардагері Ертас Сәдуақасовты қабылдады

Өзекті жаңалықтар

Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матчтың алғашқы таймында  гол соқты
Спорт

Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матчтың алғашқы таймында гол соқты

0

Ол Қазақстан сапында Бельгия қарсы ойынның алғашқы таймында гол соғып, есеп ашты. Осылайша ол ұлттық құрама сапында...

Ер адам 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтірген

Ер адам 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтірген

Қазалыда көгершіндер көрмесі өтті

Қазалыда көгершіндер көрмесі өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Көпқабатты тұрғын үйлердің есіктері ауыстырылып, су қыспақты мұнара жөнделуде

Көпқабатты тұрғын үйлердің есіктері ауыстырылып, су қыспақты мұнара жөнделуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Дастан Сәтпаев Бельгияға қарсы матчтың алғашқы таймында гол соқты
  • Ер адам 14 жастағы оқушы қызды пышақтап өлтірген
  • Қазалыда көгершіндер көрмесі өтті
  • «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті
  • Көпқабатты тұрғын үйлердің есіктері ауыстырылып, су қыспақты мұнара жөнделуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі