• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Некеге мәжбүрлегендер қылмыстық жауапқа тартылады

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзімділік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауаптылық көзделген жаңа 125-1-бабы енгізілді, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

10.02.2026
in Саясат
0
PostScript.kz

PostScript.kz

492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған Заңға Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойды. Осы Заң қылмыстық заңнаманы оңтайландыру шеңберінде қабылданды.

«Неке және отбасы туралы» Кодекстің 25-бабының 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, мәжбүрлеу арқылы қиылған неке жарамсыз деп танылады. Неке – бұл ерікті одақ, ол тек екі жақтың өзара келісімімен ғана жасалуы тиіс.

Мәжбүрлеу, әсіресе қысым, қорқыту, психологиялық немесе физикалық зорлық көрсету – бұл адамның негізгі құқықтарын бұзу болып табылады.

Көптеген елдерде мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде қарастырылады, себебі мәжбүрлі некеге оқшаулау, еркіндікті шектеу, зорлық-зомбылық және кейбір жағдайларда құрбандардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерімен қатар жүруі мүмкін.

Бірқатар елдерде мұндай неке адам саудасының бір түрі ретінде танылады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, қорқыту, бопсалау, күш қолдану немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеу үшін             2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, ал егер ауыр зардаптар болса – 10 жылға дейін.

Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 125-бабына өзгерістер енгізіліп, жәбірленушіні ерікті түрде босату жағдайында істі тоқтатуға жол берілмейді.

Енді мәжбүрлі некеге тұру мақсатында әйелді ұрлау Қылмыстық кодекстің 125 және 125-1-баптарының жиынтығы бойынша сараланады.

Бұл қабылданған шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, жазаның бұлтартпауын қамтамасыз етуге және қоғамда жеке бостандыққа қол сұғушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Өз кезегінде, Қызылорда облысының прокуратурасы заңдылықтың сақталуын және азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Алдыңғы мақала

Өнер орталығында Заманбек Нысанбаевтың “Жайсаң дала” атты жеке шығармашылық кеші өтті

Келесі мақала

Сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі