• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

«Си Цзиньпин мырза өнерімді ерекше құрметтейді»- Димаш Құдайберген

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген “Орталық Азия – Қытай” саммитінің іс-шараларына қатысты.

17.06.2025
in Өнер
0
499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты кеште әнші қабылдаушы елдің мәдени өкілі ретінде жиында өзінің репертуарындағы қытай тіліндегі ең әдемі лирикалық әндердің бірі – «荆棘王冠» / «The Crown» әнін орындад, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ән қазақстандық композитор Ұлықпан Жолдасовтың 2017 жылы Астанада өткен жеке концертінде алғаш рет орындаған «Кім екен» шығармасының қытайлық нұсқасы.

Қытайға сапар жасамастан бұрын, жас кезімде мен Қытай мәдениетін Джеки Чанмен, Брюс Лимен, кунг-фумен байланыстырған болатынмын. Бірақ мен жұмыс сапарыммен барып, Қытайда өмір сүрген кезімде менің бұл елге деген қабылдауым өзгерді. Мен қытай халқының қонақжайлылығы мен еңбекқорлығына ерекше таң қалдым. Азия елдерінің өкілдері болғандықтан біздің дәстүріміз бен тәрбиемізде ұқсасытықтар бар. Мысалы үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты түсініктер – бізді жақындастырады. Сондай-ақ бізді білімге, мәдениет пен ғылымға деген ұмтылыс біріктіреді, — дейді Димаш қытайлық CGTN арнасына берген сұқбатында.

Димаш Құдайберген еліміздің мәдениетін танытушы өкіл ретінде шығармашылық сыйын бірнеше рет ұсынғанын еске алды.

Оның сөзінше, 2017 жылы Бейжіңде түсірілімдерге түсіп, іс-шараларға қатысып жүргенінде шақырту алған. Ұйымдастырушылар Си Цзиньпиннің Астанаға келетіні және еліміздің құрметті қонағы болатыны туралы айтқан. Сөйтіп Димаштан қазақша, қытайша 1-2 ән орындап беруді өтінген.

Әрине біз өз еліміздің мәдениетін танытушы өкіл ретінде Қытай халқының қолдауын ескере отырып, шығармашылық сыйымызды бір емес, бірнеше рет ұсындық. «Жасмин» әні Қытай мәдениетінде ерекше орын алатындықтан, оны кез-келген адам орындай алмайды. Бұл әнді орындаудың өзі үлкен мәртебе болып саналады. Сондықтан ұйымдастырушылар дәл сол әнді ұсынған болатын. Мен оны барынша жоғары деңгейде орындауға тырыстым. Қойылымнан кейін Си Цзиньпин мырза қасыма келіп, қолымды қысып, алғысын білдіріп, Қытайдағы да, шетелдегі де жетістіктеріммен құттықтап, «Әрдайым табыс тілеймін», – деген жылы лебізін білдірді. Содан бері өнерімді жоғары бағалайды. Маған жұбайы екеуі және бүкіл отбасымен менің өнерімді ерекше құрметтейтінін айтып, шынайы лебізін білдірді. Әрине, бұл үлкен жауапкершілік, — дейді әнші.

Димаш халық игілігі үшін, мемлекетаралық мәдени байланыстарды нығайту жолында өнерін көрсетуге әрқашан дайын екенін жеткізді.

Си Цзиньпин мырзаға қазақ мәдениетіне және қазақ тіліндегі әндерге деген құрметі үшін алғысымды білдіргім келеді. Ең маңыздысы, әрине, екі елдің достығының беріктігі. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың дамып, одан әрі тереңдей беруін тілеймін. Әрбір қолайлы келген сәтте көпшіліктің алдында айтып қалуға тырысамын: әлемде бірлік, келісім, теңдік болсын. Ең бастысы – бейбітшілік, — деп айтты әнші.

2023 жылы Димаш Қытайдың Сиань қаласында өткен бірінші Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысқан болатын.

Фото:dimashnews.com

 

Алдыңғы мақала

«Заң және тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» форумы өтті

Келесі мақала

Қызылордада корей қауымдастығы мүшелерімен мазмұнды кездесу өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі