• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 7 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қаржыгерлер қауымы кәсіби мерекеде марапатталды

Бүгін Қазалы ауданында Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған «Қаржы-халық қазынасы» атты салтанатты шара өтті,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.11.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, еліміздің экономикалық қуатын көтеріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жемісті еңбек етіп жүрген қаржыгерлермен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ел экономикасының дамуын оның күретамыры – қаржы жүйесінсіз елестету мүмкін емес. Бүкіл елдің тағдырына тікелей қатысы бар бұл сала аса үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Қазалы ауданының қаржы қазанында бар болғаны 171 886 мың теңге болса, бүгінде аудан бюджеті 26,7 млрд. теңгеге жетіп отыр. Тәуелсіздік алған 32 жылдың ішіндегі айырмашылық жер мен көктей. Бұл дегеніміз, аудан экономикасы жүйелі түрде көтеріліп, ахуалымыздың артқандығы. Жыл басынан бері барлық макроэкономикалық көрсеткіштеріміз 100 пайыздан артық орындалып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Бұл көз қуантарлық көрсеткіштер мен өңірді дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар қаржыгерлердің қажырлы еңбегі. Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен, облыс әкімінің басшылығымен Сыр өңірінде мақсатты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда. Жақында ғана Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң бағасын берді. Сапар қорытындысымен Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар жерлестерімізді мемлекеттік наградалармен марапаттады. Тиыннан теңге құрап, табыстың берекесін тасытқан ардагерлеріміз ауданымыздың экономикалық көрсеткіштерінің артуына талмай еңбек етті. Қазіргі таңда сала ардагерлері салып кеткен сара жолды олардың ізбасарлары лайықты жалғастырып келеді. Осындай жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, қазыналы Қазалы жерінің көркеюі жолында талмай еңбек етіп жатқан Сіздерге аудан халқының атынан шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Мерекелік шарада қаржы саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қаржыгерлерге облыс және аудан әкімінің, облыс әкімі орынбасарының, облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының, Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Алғыс хаттары» табысталды. Сонымен қатар қаржы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан есепшілер Ерғали Алдамжаров пен Перизат Байымбетоваға Қазалы ауданының «Құрмет грамтотасы» табысталды.

Салтанатты шара мереке иелеріне арналған аудан өнерпаздардың концертіне ұласты.

 

Алдыңғы мақала

Ер адам жекеменшік клиникадағы екпеден кейін көз жұмған

Келесі мақала

Қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Оқи отырыңыз

Төзімділікті серік еткен қызметкер
Құқық

Төзімділікті серік еткен қызметкер

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару
Құқық

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Қатал қызметтегі нәзік ару
Құқық

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
Құқық

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Orda School-дағы сахна сиқыры мен аналардың жадыраған күлкісі

«Заң мен тәртіп» қағидатын өңірлік деңгейде іске асыру мәселесі талқыланды

Ата Заң жобасының негізгі ережелері мен жаңашыл нормалары

Конституциялық реформа контекстіндегі «Заң мен тәртіп» қағидаты

Өзекті жаңалықтар

Төзімділікті серік еткен қызметкер
Құқық

Төзімділікті серік еткен қызметкер

0

Істен ілік, шешімнен шикілік шықпаса шен мен құрметтің қатар келері ақиқат. Сондықтан, мәртебелі мамандықтың маңызын түсінген Гүлсезім...

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қатал қызметтегі нәзік ару

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Төзімділікті серік еткен қызметкер
  • Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару
  • Қатал қызметтегі нәзік ару
  • Қызылорда облысында есірткіге қарсы эмблема-логотиптер байқауының қорытындысы шықты
  • Жеке мектеп ғимараттарын облыстық коммуналдық меншікке беру туралы меморандумға қол қойылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі