• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының басшысы Телағыс Бұхарбайды 70 жас мерейтойымен құттықтады

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі Телағыс Бұхарбайды 70 жас мерейтойымен құттықтады,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.06.2026
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуға зиялы қауым өкілдері, мерейтой иесінің замандас достары мен ел ағалары қатысты.

Аудан басшысы мерейтой иесінің туған өлкенің өркендеуіне, құрылыс пен сәулет саласының дамуына қосқан үлесі жайындап сөз қозғап, аудан жұртшылығының атынан ізгі тілегін жеткізді.

«Қасиет қонып, құт дарыған киелі Қазалы ауданында елдік мүддені ту етіп, ұлы мұрат жолында қызмет еткен, парасаты биік абыройлы азаматтарымыз жетерлік. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын алдыңғы буын ағаларымыздың орны біз үшін әрқашан бөлек, қалтқысыз еткен адал қызметтері – біздерге қашанда үлгі-өнеге. Бүгінгі ресми жиынымыз – аудан жұртшылығына етене таныс Бұхарбай Телағыс ағамыздың 70 жасқа толу мерейтойына арналуда. Сіздің ұзақ жылдар бойы туған өлке игілігі жолында атқарған еңбегіңіз, халыққа сіңірген адал қызметіңіз – шынайы құрметке лайық. Бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Ұрпақтарыңыздың қызығына бөленіп, ел алдында абыройыңыз арта берсін, — деді аудан әкімі АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Жиында аудан басшысы мерейтой иесіне ауданымыздың ең жоғары марапаты – Қазалы ауданының «Құрмет грамотасы» мен Құттықтауын және жұбайы Бейсенкүл Метерқұлқызына аудан жұртшылығының атынан шапан мен камзол кигізіп, жаулық жауып, дәстүрге сай сый-құрмет көрсетті.

Мұнан кейін Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, Тараз қаласынан арнайы келіп отырған курстас досы Анапия Бозжігітов, қауіпсіздік қызметі саласының ардагері, генерал-лейтенант, 2 дәрежелі «Айбын» және «Даңқ» ордендерінің иегері, Алматы қаласынан келген досы Амантай Күреңбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қазалы ауданының құрметті азаматы, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Талайлы Бөріқұлақов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Қылышбай Бисенов сөз сөйлеп мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді.

Жиын соңында мерейтой иесі сөз сөйлеп, арнайы қабылдап құрмет көрсетіп жатқан барша жерлестері мен аудан басшысына алғысын жеткізді.

Телағыс Бұхарбай еңбек жолын 1981 жылы Қазалы қаласындағы «Риссовхозстрой» тресіне қарасты шаруашылық есептегі бөлімшеде мастер қызметінен бастаған. Әр жылдары Қазалы ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің хатшысы, «Қызылорда ауыл құрылысы» тресінің №1604 жылжымалы механикаландырылған колоннасында бас инженер, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, аудандық құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі, «Сәулет-Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орындаушы директоры болған. Кейінгі жылдары облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына қарасты «Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша бас инспекторы қызметін абыроймен атқарған.

Телағыс ағамыз Әйтеке би кентінің бас жоспарын әзірлеген авторлық ұжымның мүшесі, Әйтеке би, Жалаңтөс баһадүр ескерткіштері мен Жанқожа батыр және Қарасақал Ерімбет кесенелерінің, Ұлы Отан соғысында қаза болғандарға арналған аллея авторларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, барлық елді мекендердің төлқұжаттарын әзірлеуге қатысқан. Орталық алаң, Кеңес Одағының батыры Ү.Түктібаевқа арналған ескерткіш, «Асандар көтерілісі» монументі, Бекарыстан би ескерткіші мен «Дәулетияр баба» кесенесінің тікелей авторы ретінде танылған.

Ағамыз қажырлы еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі және Қазалы ауданының «Құрметті азаматы» атанып, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі мен Қазақстан Республикасы Қала құрылысшылары одағының медалімен марапатталған.

Алдыңғы мақала

«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті

Келесі мақала

Қазалы: Конго-қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Оқи отырыңыз

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Денсаулық

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Қызылордада Президенттік кітапхана мен драма театр салынуда

Өзекті жаңалықтар

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

0

Жиынға ҚАЖ ардагері Жалғасбай Есмаханов қатысып, отырысқа мекеме бастығының орынбасары Жеңіс Ернияз төрағалық етті. Кездесу барысында қызметтік...

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
  • Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі