Аталған жұмыстарға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов, Алға ауылдық округінің әкімі Алмас Бегалиев, аудандық ветеринариялық станция мамандары, «Ұлттық сараптама орталығы» Қазалы аудандық бөлімшесінің «Бактериологиялық және паразитологиялық зерттеу» зертханасының қызметкерлері, сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысуда.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындарына Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қауіптілігі, оның таралу жолдары және сақтану шаралары жөнінде кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындардың қоражайлары мен мал ұстайтын орындарында залалсыздандыру шаралары атқарылуда.
Ү. Түктібаев ауылындағы қоражайларды залалсыздандыру жұмыстарын «Ala Comfort» ЖШС жүзеге асыруда. Жұмысқа арнайы 2 техника мен 8 маман жұмылдырылған.
КҚГҚ ауруының алдын алу бағытындағы санитарлық-профилактикалық шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Аудан тұрғындарын жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға, аула мен қоражайлардың тазалығына мән беруге шақырамыз.









