• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қызылордада тұрғындарды кірпіш зауытының иесі тақырға отырғызды

Бір топ адам жаңадан салынып жатқан баспаналарының қабырғасын қалау үшін кәсіпорыннан кірпіш сатып алмақ болып, толық төлем жасағандарын айтады. Алайда қомақты қаржыны қалтасына басқан кәсіпкер ізім-қайым жоғалған, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

18.06.2025
in Әлеумет және экономика, Бизнес, Қоғам, Құқық
0
606
SHARES
1.7k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Көпшілік екі жыл бұрын баспанамыздың іргетасын құйып, әрі қарай қабырғаларын қалайтын кірпішті қала шетіндегі кәсіпорыннан сатып алуға келіскенбіз дейді. Тіпті бір жапырақ келісім-шартқа сеніп, кәсіпкердің қолына толық төлемді санап бергендерін айтады. Бірақ әне-міне құрылыс материалын жеткіземіз деп сендірген зауыт басшысын ақыр соңы таба алмай қалдық деп ашулы сатып алушылар.

Менің өзім 1 млн 400 мың теңге бердім 30 мың қышқа. Алдымыз 2,2 млн теңге төлеген. 865 мың теңге бергендер де бар. Содан бері уже мен неше рет келдім кірпіш те жоқ, не ақшам да жоқ,- дейді өңір тұрғыны Достияр Сейтжаппаров.

Қазір де зауытта бірде-бір жұмысшы жоқ. Яғни кәсіпорынның қызметі тоқтаған.

Қомақты қаражатты қалтасына басқан кәсіпкерді үміт үзген тұрғындар амалсыз сотқа жүгінген. Судья азаматтық тәртіп бойынша сатып алушылардың ақшасын қайтару керек деген шешім шығарыпты. Десе де, сот орындаушылары қауқарсыз болып отыр деп күйінеді көпшілік.

Сот орындаушыға бергенімізге менің өзіме 7 ай болды. Сот орындаушылардың үстінен де шағымданбаған жерім қалмады. Бірақ нәтиже жоқ. Заң жұмыс істемейді біздің елде. Ешқандай хабарласпайды, я жазбайды. Біз жазсақ ЖСН сұрайды болды,-дейді тұрғын Елжас Кенжеәлиев.

Кірпіш шығаратын кәсіпорын иесімен біз де байланыса алмадық. Ал Әділет департаменітінің өкілдері сот орындаушылар заң шеңберінде жұмыс істеп жатыр дейді.

Жеке сот орындаушылармен аталған заң талаптарына сәйкес мәжбүрлеп орындау шаралары қабылданып, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестің есеп-шоттарына тыйым салу, инкассалық өкім қою секілді басқа да мәжбүрлеп орындау шаралары жүргізіліп жатыр, — деп жауап берді департаменттің бөлім басшысы Жандос Абсат.

PS.Яғни сот кәсіпкердің өзін емес, оған тиесілі компанияны борышкер деп таныған. Сондықтан тек серіктестіктің атындағы мүліктерді ғана бұғаттай аламыз дейді жауаптылар. Ал, сан соғып қалған көпшілік зауыт иесін жауапқа тартуды талап етеді.

Алдыңғы мақала

Басты қағида — тәртіп пен талап

Келесі мақала

Заңсыз лоторея ойнатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Оқи отырыңыз

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Оқиғалар

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды
Құқық

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі