• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада урбанистиканың өзекті мәселелері сарапқа салынды

8 шілде күні, Қызылорда қаласында өткен «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 - Қызылорда» халықаралық форумының аясында алғашқы тақырыптық сессия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттықтагенттігі

09.07.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Жаңа қалалық күн тәртібі және Қазақстанның урбанистік көзқарасын қалыптастыру» тақырыбындағы пленарлық отырыс жоғары деңгейде өтіп, Қазақстандағы және шетелдегі урбанистика саласының үздік мамандары бір алаңда бас қосты.

Сессия модераторы — UN-Habitat ұйымының аймақаралық кеңесшісі Катя Шефер. Ол өз сөзінде жаһандық урбанистік трендтер мен Қазақстандағы тұрақты қала дамуы арасындағы үйлесімділікті атап өтіп, форумның ел келешегі үшін маңызына тоқталды.

Алғашқы баяндаманы UN-Habitat атқарушы директорының міндетін атқарушы әрі жаһандық шешімдер бөлімінің директоры Рафаэль Тутс жасады. Ол қала кеңістігін басқарудағы заманауи тәсілдер, инклюзивтілік пен климаттық бейімделу, сондай-ақ табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті сақтау туралы жан-жақты пікір білдірді.

Сессия барысында түрлі елдерден және салалық ұйымдардан келген сарапшылар мен мамандар урбанизацияның негізгі бағыттары, әлеуметтік әділеттілік, инфрақұрылымдық даму және мәдениетке негізделген қалалық жоспарлау мәселелерін талқылады.

Спикерлер арасында сөз алған:
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев — өңірдегі урбанистік даму стратегиясын таныстырып, қала инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы нақты бастамалармен бөлісті. Сонымен қатар, форумда ұсынылған идеяларды өңірде жүзеге асыруға толық дайын екендігін жеткізді;
Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов — инклюзивтілік пен әлеуметтік әділеттілік принциптерінің қала дамуы үшін шешуші маңызын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық теңгерімді дамудың жолдарын баяндады;
Harry Dobbs Design сәулет және урбанистика студиясының негізін қалаушы, урбанист Гарии Доббс — қоғамдық кеңістіктер мен архитектуралық шешімдердің адамдардың күнделікті өміріне, олардың қауіпсіздігі мен жайлылығына әсерін нақты жобалар арқылы көрсетті;
Urban Living және Marini Urbanismo компанияларының негізін қалаушы Рикардо Марини — қалалық кеңістікті адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс пен мәдени құндылықтарды күшейтетін тірі жүйе ретінде қарастыру қажеттігін айтты.

Сессия соңында қатысушылар қалалық даму саласындағы стратегиялық ұсыныстар бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, тұрақты серіктестік орнатуға әзір екендіктерін білдірді. Бұл сессия Қазақстанның жаңа урбанистік көзқарасын қалыптастыру жолындағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағаланды.

PS. Форум аясында айтылған ұсыныстар мен идеялар — қалаларды адамға ыңғайлы, табиғатпен үйлесімді және инклюзивті етуге бағытталған нақты қадам. Қызылордада бастау алған бұл мазмұнды диалог еліміздегі урбанистика саласының дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

«Қазақстан ұлттық Урбан форумы 2025 – Қызылорда» форумының қорытынды пленарлық сессиясы өтті

Келесі мақала

Гарри Доббс: Қонақжай Қызылорда шетелдік мамандарды тәнті етті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі