• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 10 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Қызылордағы 1,2 миллиард теңгеге салынған қоқыс сұрыптау кешені қайта-қайта істен шығып жатыр

Бой көтергеніне он жыл да болмаған қоқыс сұрыптау кешені шаһардан шыққан қоқысты сұрыптап үлгірмей жатқан көрінеді. Мамандар қондырғының жиі істен шығуы бұған себеп дейді. Қыруар қаржыға салынған нысанға шетелдік компания көз салыпты, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

16.05.2025
in Саясат
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қоқысты сұрыптауға арналған кешен осыдан 5 жыл бұрын ғана халық игілігіне берілген. Алғашқы жылдары  мұнда күніне 50-60 көлік қоқыс өнделген. Ал қазіргі таңда бұл көрсеткіш 10-15 жүк көлігін ғана құрап отыр. Кешеннің басында жұмыс істеп жатқандар шамамыздың жеткені осы ғана дейді. Қалған қоқыстарды тазалықшылар көміп жатқан көрінеді. Айтуларынша жер астына кетіп жатқан қоқыстар тұрмыстық қалдықтар екен. Бірақ біздер оның арасынан қайта өңдеуе болатын резеңке, пластмасс секілді қалдықтарды байқадық. Соңғы 10 күн бойы кешен мүлдем жұмысын тоқтатыпты. Оған себеп қондығының істен шығуы дейді жұмысшылар.

— Ана айналып тұратын цепьтің арасына тас іріп кетеді, болт кіріп кетеді. Сондай майда-шүйде заттар кіріп кеткенде тоқтап қалады, тістесіп қалады цепі. – Жиі бұзылады ма? –иә, жиі бұзылады, арасында ремонттап тұрамыз. Бұның алдында бір аптадай жұмыс істемей қалды. Ремонттап шығардық, қазір жұмыс істеп тұр енді. – дейді САМАТ АЛПАНОВ, ЖҰМЫСШЫ.

Қала тұрғындары соңғы кезде қоқыстар тек аптасына бір ғана рет жиналатынын сөз етті. Қалада ұшып жатқан целофан пакеттерге, бықсып түтіндеп жатқан қалдықтарға азаматтардың көзі де үйреніпті.

– Алындайды, өте нашар. Тазалығы жоқ, шашылып жатады сыртында. – дейді ҚАЛИМА БАЙДАРБЕКОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНЫ.

– Жиі алмайды, шашылып жатады. Тамдар салынып жатыр, шаңы бар. Вообще мусор деген страшный болып жатады. – дейді НАЗЕРКЕ САДУОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ТҰРҒЫНЫ.

Қаланы тазартып үлгірмей жатқандығын жауаптылар растады. Тазалықшылар бұған бірнеше себеп бар дейді.

  — Үйлерін ремонттайды этаж үйді мысалыға, плиткалар жүреді, құрылыс қалдықтары жүреді. Контейнерлер ауыр, машиналарымызға да зиян келеді. Өйткені оның көтеру салмағы есептелген ғой. Ауыр болып кетеді, шлангасы жарылады, майы атып жібереді. Сондай жағдайлар көп. – дейді ҒАБИТ ОСПАНОВ, «ҚЫЗЫЛОРДА ТАЗАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ.

Айта кетейік, қоқысты сұрыптау кешені осы Қызылорда тазалығы мекемесінің теңгерімінде. Жылына 60 мың тонна қалдықты өндеуге қуатты нысанға жақын арада жаңа қожайын келмекші екен. Коммуналдық мүлікті сенімді басқару жүйесі арқылы бұл кешенді шетелдік компания алмақшы. Келісім-шартқа бір-екі күннің көлемінде қол қойылады дейді мамандар. Олар өз кезегінде жаңа зауыт салмақшы екен. Бұл үшін 4 гектар жер де бөлініп қойыпты. Ал, құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын ескі кешеннің жағдайы не болатынын жауаптылар дөп басып айтпады.

Алдыңғы мақала

Қазалыда егін даласына алғашқы дән себілді

Келесі мақала

Қызылордада азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді

Оқи отырыңыз

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
Оқиғалар

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды
Құқық

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі