• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Ортақшыл, Телікөл және керделі ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков І жартыжылдық қорытындысы бойынша Ортақшыл, Телікөл және Керделі ауылдық округтерінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

11.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ауыл тұрғындарымен өткен кездесулер барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне және алдағы жоспарларға жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, ауылдардың инженерлік-инфрақұрылымын дамыту, елді мекендерді абаттандыру және көркейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ортақшыл ауылдық округінде кәсіпкерлікті дамыту бағытында оң нәтижелер қалыптасуда. Атап айтқанда, 5 ауыл тұрғыны қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанып, өз кәсіптерін бастаған. Сонымен қатар, Алтынсарин және Сейфуллин көшелері бойына заманауи LED экрандар орнатылып, ақпараттық инфрақұрылымның сапасы арттырылды. Қызылқайың елді мекеніндегі Достық және Бейбітшілік көшелеріне қиыршық тас төселген.

Телікөл ауылдық округінде биылғы жылы 4,6 шақырым ауылішілік жол жөнделіп, асфальт төселді. Ауыл көшелеріне 132 жарық диодты шам орнатылып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Аталған жұмыстарға 5 мемлекеттік мекеме, 1 кәсіпкерлік нысан, 37 тұрғын және 3 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 3 тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық шығарылған.

Керделі ауылдық округінде әлеуметтік және мәдени нысандарды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының қоршауы заманауи үлгіде жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Нартай Бекежанов музейінде жыл басынан бері 128 экскурсия ұйымдастырылып, мәдени-ағартушылық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Егістік алқаптарын сумен қамтамасыз ету мақсатында Нартай аяқ су каналы қазылып, тазаланды. Бұдан бөлек, ауылдық округтің 9 тұрғыны мемлекеттік қолдау шаралары арқылы жеңілдетілген несие алып, кәсіпкерлікпен айналысуда.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайтынын айтып, көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Туризмді дамыту мәселелері қаралды

Келесі мақала

Шиелі аудан әкімі Жөлектегі спорт кешені құрылысының барысын бағамдады

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі