• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 4 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Туризмді дамыту мәселелері қаралды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

11.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде ауданда туризм саласын дамыту бағытындағы жұмыстар қаралды.

Ауданымызда туристерді қызықтыратын тарихи-мәдени нысандар мен демалыс орындары бар. Атап айтқанда, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Қаратау жотасындағы «Бала Сауысқандық» шатқалында орналасқан тасқа қашалған көне суреттер (петроглифтер) мен еліміздің рухани-тарихи мұраларының бірі саналатын «Оқшы ата» кесенесі өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Бәйгеқұм ауылдық округіндегі «Ханқожа» көлінің жағалауында жазғы маусымда жеке кәсіпкерлер ұйымдастырған демалыс орындары тұрғындар мен қонақтарға ақылы қызмет көрсетуде.

Туризмді дамыту мәселелері жөнінде аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Беркінбай Ермағанбетов баяндама жасап, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, ауданның туристік әлеуетін тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жетілдіру және туристік нысандарды кеңінен насихаттау бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында үш қосымша мәселе қаралды.

2026 жылдың ІІ жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылу барысы және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстардың белсенділігі туралы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев хабарлама жасап, аудан аумағындағы жазылым науқанының орындалу деңгейі мен мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік желілердегі ақпараттық белсенділігіне тоқталды.

Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастары мәселесі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов баяндама жасап, еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек дауларының алдын алу және әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

Ал көлік салығының орындалуы және мейрамханалар мен кәсіпкерлік нысандарын қайта бағалау жұмыстары туралы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Еркеғали Абдрахманов баяндап, салық түсімдерінің орындалу барысы мен салық базасын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Есірткісіз өмір – жарқын болашақ кепілі

Келесі мақала

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Ортақшыл, Телікөл және керделі ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
Құқық

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
Мәдениет

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
Әлеумет және экономика

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордадағы сапарында Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығының жұмыс барысымен танысты

Құрылтай сайлауы – ел бірлігі мен жауапкершіліктің көрінісі

Құрылтай сайлауы – қоғамдық белсенділіктің маңызды көрінісі

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылордаға жұмыс сапарымен келді

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
Құқық

Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды

0

Жиын барысында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен әділет кеңесшісі Ерлан Алмазұлы Қызылорда қаласының прокуроры қызметіне тағайындалғаны ресми...

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

“Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласының жаңа прокуроры қала активіне таныстырылды
  • Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде тәлімгерлер кеңесінің отырысы өтті
  • Қазалыда теміржолшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті
  • “Арал — Каспий Магистралі”: Республикалық маңызы бар үш жобаның құрылысы басталды
  • Медициналық нысандар құрылысы қарқынды жүргізілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі