• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі ауданында бірлік мерекесі кең ауқымда аталып өтті

Шиелі ауданында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған «Достық жыры мен бірлік әні» атты мерекелік шара аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, татулық пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.05.2026
in Қоғам, Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік іс-шара аясында аудан орталығында этнос өкілдерінің мәдени көрмесі ұйымдастырылып, онда түрлі ұлттардың салт-дәстүрі, ұлттық киімдері мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге жиналған тұрғындар әр халықтың мәдени ерекшеліктерімен танысып, рухани бай мұралардан тағылым алды. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков көрмені аралап, этнос өкілдерінің өнері мен еңбегіне жоғары баға берді.

Салтанатты жиында сөз алған аудан басшысы тұрғындарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, еліміздегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде бейбітшілік пен татулықтың ел дамуының басты негізі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, аудан әкімі ел бірлігін нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының айрықша рөл атқаратынын тілге тиек етіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «Бейбітшілік пен келісім – біздің басты құндылығымыз. Бұл – Қазақстанды алға бастайтын қуатты күш» деген сөзін келтірді. Бұл ойлар мерекенің мән-маңызын тереңдете түсіп, көпшілікке үлкен ой салды.

Іс-шара соңы әсерлі концерттік бағдарламаға ұласты. Жергілікті өнерпаздар мен түрлі этнос өкілдері сахнада ұлттық әндер мен билерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әр ұлттың мәдениеті мен өнері тоғысқан бұл кеш достық пен бірліктің символына айналды.

Айта кету керек, мұндай мерекелік шаралар қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтуға, жас ұрпақты елжандылық пен патриоттық рухта тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

Жалпы, Бірлік күніне арналған мерекелік шаралар шиеліліктер үшін ерекше әсерлі өтіп, көпшіліктің жүрегінде жылы естелік қалдырды. Бұл күн тағы бір мәрте ел бірлігі мен татулығының баға жетпес құндылық екенін айқындады.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

«Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық конкурсы өтті

Келесі мақала

Президент саябағында «Бірлік. Достық. Береке» атты мерекелік шара өтті

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі