• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

«Шиелі» қосалқы станциясы заманауи талапқа сай жаңғыртылды

Шиелі ауданында электр энергетикасы саласын жаңғырту бағытындағы маңызды жобалардың бірі жүзеге асырылып, «Шиелі» қосалқы станциясы заманауи талаптарға сәйкес қайта жаңғыртудан өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

21.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аталған қосалқы станция 1964 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Алпыс жылдан астам уақыт ішінде аудан халқы мен өндіріс орындарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуде маңызды стратегиялық нысанға айналған станция бүгінде де өңірдің энергетикалық жүйесінде ерекше рөл атқарады.

Қазіргі таңда Шиелі ауданы бойынша 19 мыңнан астам электр энергиясын тұтынушы тіркелген. Оның ішінде 17 мыңнан астамы жеке тұлғалар болса, 1900-ден астамы заңды тұлғалар қатарында. Халық санының артуы мен өндірістік нысандардың көбеюі электр қуатына деген сұранысты жылдан-жылға ұлғайтып отыр. Осыған байланысты қосалқы станцияны жаңғырту жұмыстары уақыт талабынан туындаған маңызды қадам болды.

Жаңғырту барысында тозығы жеткен құрал-жабдықтар жаңартылып, заманауи технологиялар енгізілді. Бұл өз кезегінде электр желілерінің сенімділігін арттырып, апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа жүйелер энергияны тиімді таратуға жағдай жасап, аудан тұрғындарын сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Мамандардың айтуынша, жаңартылған қосалқы станцияның қуат мүмкіндігі артып, электр желілеріндегі жүктемені азайтуға оң әсерін тигізеді. Әсіресе жаз және қыс мезгілдеріндегі электр энергиясына түсетін жоғары жүктеме кезінде жүйенің тұрақты жұмыс істеуіне жол ашады.

Бүгінде аудан көлемінде инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі ретінде бағалануда.

Алдыңғы мақала

Жаңақорғанда жаңа құс фабрикасы ашылмақ

Келесі мақала

Шиеліде спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі