• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

«Бақыт» арена спорт кешенінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында дәстүрлі аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

17.06.2026
in Спорт
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Биыл төртінші рет ұйымдастырылып отырған айтулы додаға ауданымыздағы мемлекеттік мекемелерден құралған 10 команда қатысуда.

Турнирдің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысушыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спортты дамыту — мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың спорт саласына көрсетіп отырған жан-жақты қолдауының арқасында елімізде бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді. Халық денсаулығын нығайту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау мәселелері әрдайым басты назарда. Спорт — ұлт саулығының кепілі, ал мұндай жарыстар ұйымшылдық пен өзара сыйластықты арттыруға ықпал етеді. Барша қатысушыларға тартысты ойын мен жеңіс тілеймін,” – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан басшысы өңірде спорт саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Бүгінде Шиелі ауданында 2 спорт мектебі, 2 спорт клубы, 2 стадион, 7 спорт кешені және 70 спорт залы халық игілігіне қызмет көрсетуде. Аудан тұрғындары спорттың 28 түрімен тұрақты шұғылданып, дене шынықтырумен айналысатын азаматтар саны 38 мыңға жуықтады.

Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауының нәтижесінде ауданымызда спорттық инфрақұрылымды жетілдіру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Жөлек ауылдық округінде құны 597 миллион теңгені құрайтын жаңа спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан орталығындағы Абай көшесінде орналасқан спорт кешеніне 249 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан жуық арада ел игілігіне пайдалануға берілмек.

Шара соңында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков дәстүрлі турнирді ашық деп жариялап, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Турнирдің алғашқы ойыны Шиелі ауданы әкімдігі мен Шиелі аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған командалар арасында өтті. Тартысқа толы кездесуде қос команда да жоғары дайындық пен командалық үйлесімділікті көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлады.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі азаматтарға жеке қабылдау өткізді

Келесі мақала

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі