• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 17 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

17.06.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ретінде аудандағы теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды.

Теміржол саласы – өңір экономикасының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл сала, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынасын қамтамасыз етумен қатар, кәсіпкерліктің дамуына, жүк тасымалы көлемінің артуына және инвестиция тартуға тікелей ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Осыған сәйкес, ауданымызда да теміржол нысандарының жағдайын жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, 836 млн теңге қаржыға Шиелі теміржол вокзалы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысан толықтай жаңғыртудан өтті. Бас мердігер – «Дәнекер құрылыс компаниясы» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталып, 2026 жылдың сәуір айында негізгі жұмыстар толық аяқталды. Қазіргі уақытта вокзал ғимаратын қажетті жиһаздармен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Мәжіліс барысында күн тәртібіне енгізілген қосымша екі мәселе қаралды.

Атап айтқанда, «2026 жылдың ІІ жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылу барысы және әлеуметтік желідегі белсенділік туралы» аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев хабарлама жасап, тұрғындарды отандық мерзімді басылымдарға жазылуға тарту және ақпараттық кеңістіктегі белсенділікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, «Аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары туралы» аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Аманжолов баяндама жасап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол белгілерін жаңарту, қауіпті учаскелерде алдын алу шараларын күшейту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

Мәжіліс қорытындысында аудан басшысы жауапты сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 

@ Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Келесі мақала

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Оқи отырыңыз

Саясат

Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
Құқық

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
Құқық

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды
Әлеумет және экономика

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Аудан әкімі өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды пысықтады

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Өзекті жаңалықтар

Саясат

Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады

0

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады
  • Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
  • Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
  • Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды
  • Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі