• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 15 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақпарат агенттігі

25.06.2025
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Үкімет отырысында Премьер-министр Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

«Үлкенді сыйлау, мәдени мұра нысандары мен инфрақұрылымға ұқыпты қарау, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дамыту жаңа тәрбие беру парадигмасының құрамдас бөлігіне айналуы керек.
Бүгіннің өзінде осы бағытта түрлі акциялар, таза ауада жаппай сауықтыру жаттығулары, дөңгелек үстелдер, флешмобтар мен басқа да іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Үлгі боларлық мысалдар мен қоғамдық маңызы бар бастамалар арқылы тәртіпке, салауатты өмір салтына, экологиялық мәдениетке, рухани дамуға бағытталған орнықты, позитивті күн тәртібін қалыптастырған жөн», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экология және табиғи ресурстар министрінің мәліметінше, бүгінде мемлекеттік орман қоры аумағына 1,3 млрд, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған табанына 48,7 млн сексеуіл көшеті отырғызылған. Қазалы қаласындағы 33 гектар алаңда жылына 3 млн көшет өсіретін орман тәлімбағының құрылысы аяқталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1,1 млн. гектарға сексеуіл екпелерін егу жөнінде тапсырма берген болатын. 2021-2024 жылдары 659,1 мың гектар алқапқа екпе егілді. Биыл қалған 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдар егу жоспарлануда.
Бұл жұмыстарды атқаруға бюджеттен тыс қаражат тартылды. Өткен жылы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы 500 млн қаржы бөлсе, Қызылорда, Түркістан облыстары әкімдіктері мен КАТКО және «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» орман екпелерін өтемдік отырғызу бойынша міндеттемелерді Арал теңізінің құрғаған табанына қайта бөлу үшін бесжақты келісім жасалды. КАТКО бөлген 2,2 млрд. теңге жоспарланған Арал теңізінің құрғаған табанының жұмыс көлемін қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаламыздағы, аудан орталықтарындағы, ауылдардағы парктер, скверлер мен аллеялар, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылуда.
Аталған жұмыстарға қала, аудандар мен барлық ауылдық елді мекендер белсенді қатысып келеді. Аймағымыздың сәулеттік келбеті жаңарды.
PS. Демеушілер есебінен Қызылорда қаласының орталық алаңы, Жаңақорғанда заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында «Еңбекшілер паркі» пайдалануға берілді. Дәл осындай демалыс орны жақында ғана Қазалы ауданында ел игілігіне табысталды.
Қазір қаламыздағы Президент саябағы, Қорқыт Ата мемориалды аллеясы қайта жаңғыртылуда.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Дәрігерлерді кінәлайды. Қызылордада жүкті келіншектің отадан кейінгі жағдайы нашарлаған

Келесі мақала

«Заң және тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы форумға өңірдің бас құтқарушысы қатысты

Оқи отырыңыз

Конституция: құқықтық ойдың өзегі
Құқық

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары
Құқық

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
Әлеумет және экономика

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті
Қоғам

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Жартыжылдықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды

Аралда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды

Аралда жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру зауыты ашылды

Пернедегі әуен һәм қызметтегі пәрмен

Өзекті жаңалықтар

Конституция: құқықтық ойдың өзегі
Құқық

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

0

Байыппен жеткізілген ой көптің көңіліне қонады. Басқосу барысында осы ұстанымға басымдық беріліп, Конституцияға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары,...

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

«Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Конституция: құқықтық ойдың өзегі
  • Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары
  • Облыс әкімі Арал ауданындағы инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар таныстырылды
  • «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық форум өтті
  • Өңірде уран өндірісін дамыту мәселелері талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі