Іс-шара барысында орталықтың әдіскерлері ұлттық ою-өрнек элементтерін пайдалана отырып, заманауи панно жасау әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қатысушыларға тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Шеберлік сағаты ұлттық өнерді дәріптеуге, қолөнерге деген қызығушылықты арттыруға және шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталды.
Сонымен қатар, орталық мамандары қатысушыларды «Анаға тағзым» орталығының қызметімен таныстырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, аналарды қолдау, ұлттық тәрбие мен рухани-мәдени мұраны дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Мазмұнды өткен шара қатысушыларға ұлттық құндылықтарды жаңаша қырынан танып-білуге мүмкіндік беріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.









