• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 16 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шиелі ауданында «Ұмытылмас үн, ошпес із» атты облыстық әнші-термешілер байқауы өтті

Бүгін Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде әнші, жыршы Әбілаш Әбуовтың 90 жылдығына арналған «Ұмытылмас үн, өшпес із» атты облыстық әнші-термешілер байқауы өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.04.2026
in Мәдениет, Өнер
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Шараны аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында дәстүрлі ән мен жырды қадір тұтқан Әбіләш Әбуовтың шығармашылығына арналған «Әбіләш» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізіліп, басылым қалың оқырманға жол тартты.

Дәстүрлі ән мен жырды, сондай-ақ Әбілаш Әбуовтың репертуарындағы шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау және кеңінен дәріптеу, орындаушылық шеберліктерін жетілдіру, жас әнші-термешілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, дәстүрлі орындаушылық мектептерді сақтап жалғастыру, сондай-ақ өнерлі жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқауға Қызылорда облысынан 18-40 жас аралығындағы 7 талапкер қатысты.

Байқауға ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Ноғайбаева Ақмарал Әлмырзақызы, Қызылорда облыстық филармониясы басшысының орынбасары Бүрлібаев Амандық Қуандықұлы, жыршы-термеші, дәстүрлі әнші Баймағамбетов Сәрсенбек Сәбекұлы қазылық етті.

Байқау талаптары бойынша қатысушылар І кезеңде Әбілаш Әбуовтың «Ризамын өнерге» әнін орындады, ІІ кезеңде Нартай Бекежановтың шығармаларынан бір туынды орындаса, ал ІІІ кезеңде қатысушы өзінің дәстүрлі ән мектебінен бір шығарманы орындады.

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені шиелілік Мұхаммедәлі Бекпейісов иеленсе, І орынды шиелілік Нұртілек Ақтаев, ІІ орынды қызылордалық Қуаныш Алғазиев, ІІІ орынды қызылордалық Дильназ Ташмұхаммед жеңіп алса, Әбілаш Әбуов атындағы арнайы жүлдемен шиелілік Сәбит Әбжапбаров марапатталды.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданының әкімі тұрғындарға жеке қабылдау өткізді

Келесі мақала

Екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін: Қызылорда облысы мен Қытай өңірлері арасындағы байланыс нығаюда

Оқи отырыңыз

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
Мәдениет

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Өзекті жаңалықтар

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
Қоғам

Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды

0

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аймақ басшысы коммуналдық сала мамандарын құттықтап, олардың қаланың тазалығы мен тұрғындардың жайлы өмір...

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Коммуналдық қызметтің цифрлық әлеуеті нығайды: Қызылордада коммуналдық мекемелерге 37 арнайы технтка табысталды
  • «Іңкәр сезім» көрерменге жол тартты
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі