• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін: Қызылорда облысы мен Қытай өңірлері арасындағы байланыс нығаюда

Мемлекет Басшысының инвестиция тарту, өндірісті дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысы шетелдік әріптестермен өзара тиімді байланыстарды жүйелі түрде дамытып келеді. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары болды,- деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

30.04.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

2026 жылғы 27–29 сәуір аралығында өткен іссапар аясында делегация Пекин, Далянь және Чанчунь қалаларында жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп, бірқатар стратегиялық инвестициялық жобаларды талқылады.

Агроөнеркәсіп және су ресурстары саласындағы серіктестік

Далянь қаласында қала әкімінің орынбасары Чжао Дунмен кездесу барысында ауыл шаруашылығы, су үнемдеу технологиялары және ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, «Юлин» компаниясымен Қызылорда облысында заманауи суару технологияларын енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Бұл жоба су ресурстарын тиімді пайдалануға, аграрлық секторды жаңғыртуға және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қытай тарапы аталған бастаманың өңір үшін жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.

Машина жасау және көлік-логистика саласы

Чанчунь қаласында Цзилинь провинциясы басшылығымен өткен кездесуде машина жасау және теміржол индустриясы салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. «Марал-Нұр» ЖШС вагон жасау зауыты жобасын, қытайлық серіктестермен бірлесіп жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл бастама өңірде жаңа өндірістер ашуға, технология трансферін қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады.

Өнеркәсіп және инвестициялық жобалар

Пекин қаласында «TICA» компаниясымен желдету және ауаны баптау қондырғыларын өндіру жобасы бойынша келіссөздер жүргізіліп, жергілікті «Тау Групп» компаниясымен меморандумға қол қойылды. Жобаның алғашқы кезеңін іске асыру 2026 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, «HongDa» компаниясымен Жаңақорған ауданындағы қорғасын-мырыш кен байыту фабрикасы жобасы талқыланып, құны 120 млн АҚШ долларын құрайтын жоба бойынша ынтымақтастық нығайтылды. Құрылыс жұмыстары 2027–2028 жылдары жүзеге асырылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, «XINDA TRANSFORMER CO., LTD» компаниясымен трансформаторлар өндіру және индустриялық парк құру жобасы пысықталды. Жоба аясында бірнеше өнеркәсіптік кәсіпорын ашу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығындағы жаңа бағыттар

Қытайлық “Yunguan Xinjia Supply Chain Management” компаниясымен техникалық қарасора өсіру және оны терең өңдеу арқылы фармацевтикалық өнім өндіру жобасы талқыланды. Бұл ауыл шаруашылығын әртараптандыруға және инновациялық бағытта дамытуға мүмкіндік береді.

Іссапар қорытындысы бойынша бірқатар қытайлық компаниялармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру өңірге инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және экономиканың әртараптануына серпін береді.

Қытай Халық Республикасымен дамып келе жатқан стратегиялық әріптестік Қызылорда облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, инвестициялық белсенділікті күшейтуге және өңір экономикасын жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

 

Алдыңғы мақала

Шиелі ауданында «Ұмытылмас үн, ошпес із» атты облыстық әнші-термешілер байқауы өтті

Келесі мақала

Шиеліде бірлік пен татулықты дәріптеген тағылымды көрме өтті

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі