• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлемде

«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды»: Иран Израильге соққы жасап, баллистикалық зымыран ұшырды

13 маусым күні кешке Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге қарсы «Шынайы уәде-3» деп аталатын жауап операциясын бастады.

14.06.2025
in Әлемде
0
546
SHARES
1.6k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Иран билігі операцияны агрессивті әрекетке жауап ретінде бастағанын мәлімдеді.

«Агрессивті әрекеттерге жауап ретінде… Иран халқының қорғаныс күші ретінде Алланың құдіретіне, Жоғарғы Бас Қолбасшының (Алла оны қорғасын) дана басшылығына және Иранның асыл халқының бірауыздан қолдауына сүйеніп, «Шынайы уәде-3″ операциясын бастады», – делінген хабарламада.

Иран жауап операциясы кезінде Израильге қарай 300-ге жуық баллистикалық зымыран ұшырып, оның тоғызы құлады. Иран зымырандары Израиль қорғаныс министрлігінің ғимаратына екі рет тиді.

Иран армиясы да Израильдің екі F-16 ұшағы мен бірнеше ұшқышсыз ұшақтың жойылғанын растады. Tasnim агенттігінің хабарлауынша, ирандық әскерилер құлаған Израиль ұшағының әйел ұшқышын тұтқындаған. Axios мәліметінше, АҚШ әскери күштері Иранның зымырандық шабуылын тойтаруға атсалысып жатыр.

Иранның соққысынан 40-қа жуық адам зардап шекті, оның екеуі ауыр жарақат алды. Желіде Иран зымыранының Тель-Авивтегі ғимаратқа тікелей тигені туралы видео пайда болды.

Әлем назарында

Израиль премьер-министрі Нетаньях Иран халқына үндеу жасап, оларды билікке қарсы шығуға шақырды.

«Дәл қазір ең жақсы уақыт. Халық әрекет етуі керек», – деді ол.

Израиль министрлер кабинеті жауап қайтару шараларын талқылап жатыр. Ал Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Израильдің әрекетін қатаң айыптады:

«Бұл БҰҰ жарғысын өрескел бұзу. Израильдің Иранға шабуылы аймақты ядролық апатқа итермелеп отыр», – деді олар.

Ал түрік заңгері Сердар Тоқдемирдің айтуынша, Израильдің Иранға жасаған әуе шабуылдары үшінші дүниежүзілік соғыстың басталғанын білдіреді.

“Израильдің бұл операциясы – бүкіл аймақты қамтитын ауқымды шабуыл. Басталған қақтығыс жүйелілігімен, көпқырлылығымен және жоспарлы сипатымен ерекшеленеді. Иранға жасалған шабуыл – жай ғана бір мемлекетке қарсы агрессиялық әрекет емес, бүкіл аймаққа, оның өркениеті мен болашағына бағытталған соққы”, – деді заңгер.

Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Израильдің Иранға қарсы әрекеттерін соғыс жариялаумен тең деп мәлімдеді.

«Бұл зұлымдық – мемлекеттік терроризмнің айқын көрінісі әрі халықаралық құқықты өрескел бұзу», – деді Иравани.

Оның айтуынша, Израильдің соққылары салдарынан Иранда 78 адам қаза тауып, 320-дан астам адам жарақат алған.

Қазақстанның жауабы

Қазақстан Таяу Шығыстағы аспанды жапты. Енді ешбір ұшақ Иран мен Израильдің үстінен ұшпайды. Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларына Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Ливан және Иордания арқылы ұшуға толық тыйым салды.

“Бұл барлық рейстерге қатысты. Оған аймақтағы жағдайдың күрт нашарлауы себеп. Тіпті әскери аймақтың жанында ұшуға да тыйым салынады. Бұйрық дереу күшіне енеді және орындалуы міндетті», – делінген хабарламада.

P/S. Авиация комитеті жағдай өзгерсе, шараларды қайта қарауға уәде берді.

Stan.kz

Алдыңғы мақала

Жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Келесі мақала

Облыс әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды қабылдады

Оқи отырыңыз

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды
Құқық

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді
Қоғам

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі