• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 5 қараша, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Жалағаш ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

Аудандық Руханият орталығында өткен жиынды комиссия төрағасы Ғани Сүлейменов жүргізіп, жиынға комиссия мүшелерімен қатар аудандық ақсақалдар кеңесінің, ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңестің, аналар мен әйелдер кеңесінің өкілдері қатысты. Бұл басқосу қоғамдағы маңызды әлеуметтік мәселелерді ашық талқылауға бағытталып, еркін пікір алмасу алаңына айналды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

29.04.2026
in Денсаулық, Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Кеңейтілген форматта ұйымдастырылған отырыста азаматтық қоғам өкілдері белсенділік танытып, отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, сондай-ақ демографиялық саясатты жетілдіру бағытында өз ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар тарапынан айтылған пікірлер комиссия жұмысының тиімділігін арттыруға серпін беретіні атап өтілді.

Жиын барысында аудан көлемінде отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен бала құқығын қорғау, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау мәселелері кеңінен қозғалды. Сала мамандары осы бағыттағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, кездесіп отырған түйткілді мәселелерді де жасырмай жеткізді.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары мен әлеуметтік қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық жұмыстарды жандандыру, ақпараттық-түсіндіру шараларын көбейту қажеттігі айтылды. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттау, ерте некенің алдын алу, әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Отырыс қорытындысында көтерілген барлық ұсыныс-пікірлер ескеріліп, нақты хаттамалық тапсырмалар бекітілді. Тиісті сала басшыларына алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жоспары жүктеліп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды. Комиссия алдағы кезеңде де осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратыны атап өтілді.

Алдыңғы мақала

Тазалық пен тәртіп – басты назарда

Келесі мақала

Шиелі ауданында көктемгі кенеге қарсы улау жұмыстары туралы

Оқи отырыңыз

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
Құқық

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді
Құқық

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда облысында «Берік отбасы – есірткіден аулақ!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазалыда қоғамдық қауіпсіздік пен жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күшейтілген рейд жүргізілді

ЖИ vs журналист. Ақылды технология тілшінің міндетін қаншалықты мінсіз атқарады?

Қазалыда ұлттық мереке ұлықталып, елдік пен бірлікті дәріптеген кеш өтті

Өзекті жаңалықтар

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді

0

Алдымен аудан басшысы «Қожабақы – Бекарыстан би» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 25-шақырымында орналасқан темірбетон көпірді қайта...

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды

Қызылордада есірткіге қарсы  байқау өткізілді

Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыдағы үш көпірдің құрылысы бақылауда: әкім нысандарды аралап, жұмыс барысын тексерді
  • Қазалыда әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
  • Құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды
  • Қызылордада есірткіге қарсы байқау өткізілді
  • Қызылорда жастары есірткісіз болашақты мультфильм арқылы насихаттады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі