• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 26 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шиелі аудан әкімі Айтбай Жандарбеков Жаңатұрмыс ауылдық округі тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков Жаңатұрмыс ауылдық округінің тұрғындарымен І жартыжылдық қорытындысы бойынша есептік кездесу өткізді, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.05.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жұма күні өткен кездесуге ауыл тұрғындары, сала басшылары мен округ әкімдігі өкілдері қатысып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелер және алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Кездесу барысында аудан басшысы Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауымен ауданда жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобаларға тоқталып, өңірдің даму көрсеткіштері жөнінде жан-жақты баяндама жасады.

Аудан әкімі өз сөзінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік саланы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылығы бағытындағы бастамаларға да ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

Кездесу барысында Жаңатұрмыс ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталынды. Атап айтқанда, Байсын ауылына келетін «Әлімұса» каналының 2 шақырым аумағы қайыр басқан топырақтан тазартылып, нәтижесінде ауыл тұрғындары аяқ сумен тұрақты әрі кедергісіз қамтамасыз етілуде. Бұл жұмыстар егістік пен бау-бақша шаруашылығын дамытуға оң әсерін тигізіп отырғаны айтылды.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу және табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Бизнес Бастау» және «Ауыл аманаты» жобалары аясында жүйелі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдың алғашқы төрт айының қорытындысымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 3 ауыл тұрғыны жалпы көлемі 19 млн 600 мың теңге болатын жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Бұл қаржы ауыл тұрғындарының жеке кәсібін дамытуына және жаңа жұмыс орындарын ашуына мүмкіндік бермек.

Бұдан бөлек, округте балық шаруашылығын дамыту бағытында да нақты жобалар қолға алынуда. Қазіргі таңда құны 34 млн 600 мың теңгені құрайтын кооператив жобасын іске асыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жоба жүзеге асқан жағдайда ауылдағы кәсіпкерлік әлеует артып, жаңа өндіріс көздері қалыптасады деп күтілуде.

Кездесу барысында округтегі инфрақұрылымдық мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, аяқ су жүйесін реттеу, ауылішілік жолдарды жөндеу, санитарлық тазалықты сақтау және елді мекендерді көркейту бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда екені айтылды. Сонымен қатар, аудан әкімі алдағы уақытта да ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар жалғасатынын жеткізді.

Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пікірлерін білдірді. Аудан әкімі халық тарапынан көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын айтып, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында нақты жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Жаңақорғанда тас жол бойындағы кешендердің қызмет сапасы артып келеді

Келесі мақала

Жаңақорған кентінде ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа станция салынып жатыр

Оқи отырыңыз

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
Әлеумет және экономика

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Құқық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені табиғи газға қосылды

Сырдарияда «Алаш ақиықтары» атты танымдық шара өтті

«KAYSAR ARENA» стадионы ресми түрде ең жоғары IV санатқа ие болды

Жалағаш ауданында өндірістік жобалар – эконмикалық өсудің негізгі қозғаушы күші

Өзекті жаңалықтар

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
Әлеумет және экономика

Ардақты азаматтың есімі ұлықталды

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы, Қорқыт ата атындағы...

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Ардақты азаматтың есімі ұлықталды
  • Егін шаруашылығының мәселелері талқыланды
  • Бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асырудың жол картасына қол қойылды
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Креативті бейсенбі» шарасы өтті
  • Жауапты маусымға дайындық барысы талқыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі