• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Жылу беру маусымының қорытындысы және алдағы кезеңге дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бұл туралы «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі хабарлады.

05.05.2026
in Саясат
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжіліс барысында аудан көлеміндегі жылу беру маусымының қорытындылары жан-жақты талқыланып, алдағы қысқы кезеңге дайындық мәселелері кеңінен қаралды. Сала мамандары тарапынан атқарылған жұмыстар сараланып, жүйелі түрде жүзеге асырылған шаралар мен орын алған мәселелерге талдау жасалды. Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымында туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу бағытындағы нақты ұсыныстар айтылды.

Аудан көлемінде инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелерді дамыту бағытында ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Атап айтқанда, 2025 жылы жалпы құны 1 млрд 622 млн теңгені құрайтын жобалар аясында Ортақшыл және 22 бекет елді мекендері табиғи газға қосылды. Бұдан бөлек, жыл соңында 467,9 млн теңгеге 21 бекет және Жансейіт елді мекендері толықтай көгілдір отынға қол жеткізді. Нәтижесінде аудан бойынша 1 кент пен 17 елді мекен тұрғындарының табиғи газды тұтыну деңгейі 81 пайызға жетіп отыр. Бұл көрсеткіш – халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.

Жиын барысында аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандардың қысқы маусымға дайындығы ерекше назарда болуы тиіс екенін атап өтті. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына қарасты мекемелердің жылыту жүйелері толық тексеріліп, қажетті жөндеу жұмыстары уақытылы жүргізілуі қажет екені ескертілді. Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету – жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті екені баса айтылды.

Аппараттық мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, инженерлік желілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы іс-шараларды күшейту міндеттелді. Берілген тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.

Жалпы, аудан көлемінде жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жобалар мен дайындық жұмыстары алдағы қысқы маусымды тұрақты әрі қауіпсіз өткізуге бағытталған.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Мәжіліс отырысында жаңа әкімдер таныстырылды

Келесі мақала

Шиелі кентінде жаңа копір құрылысы қарқын алды

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі