• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Өркениеттен жұрдай елді мекен

Қызылорда облысы Арал ауданында ауылдық жерлерді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардан қалыс қалған елді мекен бар. Құмбазар ауылының тұрғындары жиырма жылдан бері асфальт жол түгілі қиыршық тасқа қол жеткізе алмай отыр, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

17.01.2025
in Қоғам
0
516
SHARES
1.5k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Құмбазар ауылында 600-ге жуық жан тұрады. Жолдың азабын тартқан ауыл тұрғындары 20 жылдан бері жергілікті биліктің табалдырығын тоздырған. Ел арасында шенділердің асфальт тартуға берген уәдесі ұрпақтан ұрпаққа ертегі есебінде айтылып келеді екен.

— Мен бала кезімде қой кезек деген болатын. Сонда бір машиналар келіп жолдың схемасын сызып жүретін. Соны әемізден сұрағанымызда жол салатын кісілер дейтін. Қазір менің балам бар. Мен де сол балама жол салатын машинаны көрсетіп жүрмін. Менің уайымым балам баласына айтып кетпесе екен деп уайымдаймыз. – дейді АСЛАН КАМЕНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ.

– Жаңбыр жауып қар ерісе ешқандай көлік жүре алмайды. Тек ғана Беларусь тракторын алдымызға салуға тура келеді. Жаман айтпай жақсы жоқ біреу науқастанып қалса, босанатындай болып қалса ол кезде қиын болады. – дейді ТОЛАҒАЙ ДОСМАМБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ.

Ал, бұл ауылдық амбулаторияның сыйқы. Тозығы жеткен медициналық мекемде су жаңа зат жоқ. Ақ халаттылар ішті көмір отынмен жылытады екен. Құмбазарлықтар қатты сырқаттанып жатса аудан орталығына амалсыз өз күштерімен жетеді. Тіптен жолда босанған келіншектер де бар көрінеді.

– Осы жерден 150 км Алар. Аралға апару керек, трассаға шыққанның өзінде 2 сағат жәймен жүреміз. Сіз есептей беріңіз лай, жаңбыр болған кезде біз 4 сағат жүреміз. Түнде 2-3-те айтады келінім босанайын деп жатыр, жағдай жасасайшы, апарып тастасайшы деп. Мен сол апарғанымда жолда босанған адамдар болды мысалы. – дейді ЖАҢАБЕК ҚАЛИЛАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ.

Арал  ауданының әкімі кезекті есебінде бұл ауылға биыл да жол салынбайды деп дөп басыпты. Оған себеп ақшаның тапшылығы. Әзірге тек жоба сметалық құжаттамасы дайындалыпты.

— Құмбазардың 10 км жолын біз бұрынғы мерзімі өтіп кеткен проектіні біз аудан бюджетінен қаржы бөліп қайта әзірледік. Жоба құны қазір белгілі. Салалық министрлікке облыстық басқарма арқылы бюджеттік өтінім тапсырдық. Енді Енді жол мәселесі қомақты қаржыны талап етеді, кезектілігімен жүзее асырылады. Оның барлығы облыс әкімінің тікелей бақылауында. – дейді ШЕРХАН ЕСЖАНОВ, АРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ.

P.S. Осылайша ақ жағалылар ауылға нақты жол қай кезде төселетінін айта алмады. Елді мекенді «Ауыл ел аманаты» бағдараламасына кіргізуге де мүмкіндік жоқ екен. Құмбазар халық саны бойынша талаптарға сай келмейді. Тұрғындарға жоба сметалық құны дайын құжаттардың тек министрліктен қолдау табуын күтуден басқа амалдары қалмай отыр.

Алдыңғы мақала

Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды

Келесі мақала

Киелі киіктің кесірі

Оқи отырыңыз

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды
Құқық

Учаскелік полицей тұрғын үйдің ауласынан өлі табылды

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді
Құқық

Полиция әзілдерге жол бермейді! Қызылордада пранк жасаймын деп шектен шыққан ер жігітке шара көрілді

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады
Құқық

Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы бүкіл Конституцияның арқауы болып табылады

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді
Қоғам

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі