• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 2 тамыз, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қызылордада балабақша тәрбиешісі ерекше балаға қорлық көрсеткен

Қызметкер аутизммен ауыратын бүлдіршінді еденге құлатқан. Тіпті қол көтерген деп анасы ашынып отыр.Одан бөлек тағы бірнеше ата-ана осы “Жас Ұрпақ” жекеменшік балабақшасында тәрбиеленетін балаларымыздың денесі көгеріп, бет-ауызы жара болып келді деп арызданды. Тұрғындар шағымын PostScript.kz Ақпараттық агенттігінің тілшісіне айтты.

29.04.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ерекше балаларды тәрбиелейтін “Жас ұрпақ” балабақшасында болған жағдай бейнебақылау камерсына түсіп қалған. Видеода түскі мезгілде тәрбиешілердің еденде демалып жатқаны көрінеді. Сол сәтте кереуетте жатқан 5 жасар Әлихан Аманбай мазасынданып, қозғала бастайды. Ал тәрбиеші өзі дұрыс тыныға алмағанына ашуланды ма, әйтеуір бүлдіршінді көтеріп алып жерге құлатады.
Әлиханның анасы тәрбиешілер аутизмге шалдыққан баламды еденге лақтырып, әрі қарай түк болмағандай өздері ұйықтап жатқан деп ашулы.


 — Камераны ашқан кезде тәрбиешінің баланы алып, жерге лақтырғанын көремін. И артынан тағы соққы бергенін көремін. Артынша ешқандай көмек көрсетпеген балаға. Тәрбиешілер әрі қарай ұйықтап жатыр. Баланың мұрыны қанап жатыр. Оны шалқасынан жатқызып, ұйықтатып тастаған. Қан миға кетіп қалса, өліп кетуі де мүмкін ғой — дейді Әлиханның анасы ҰЛБОЛСЫН МҮСЛІМ.


Болған жағдайды ести сала, бірнеше ата-ана полицияға шағымданған. Айтуларынша әртүрлі диагнозы бар өзге бүлдіршіндер де бұған дейін балабақшадан денелері көгеріп, тіпті бірінің қолы сынып келген жағдай болыпты. Яғни ерекше балаларды қатал тәрбиешілер таяқпен тәрбиелеп жүрген деп күдіктенеді ата-аналар.


— Менің баламның бірде білегі, тізесі, одан соң жамбасы мен арқасы көгеріп келді. Бірақ тәрбиешілер барлығына баланың өзі құлады деп жауап беріп жүрді. Біз мына жағдайдан кейін оған сенбейміз. Мүмкін өздері ұрған шығар. Оның үстіне тек біз бір ғана видеоны көріп отырмыз. Тіпті дұрыс тамақ бермегендіктен балаларымыз үйге аш болып келеді — деп шағымданды тағы бір ата-ана АЛЕКСАНДРА МҰХАМЕТЖАНҚЫЗЫ.
Ата-аналар балаларға тоймайтындай ас берілетінін де бейнекамераға жазылған видеодан көрген. Онда 8 бүлдіршінге 3 тәрелке ғана тамақ беріліп, ал тәрбиешілердің өздері телефонға телміріп отырғаны көрінеді. Ал балабақша басшысы қызметкердің 5 жасар Әлиханға күш көрсеткенін растағанымен, ас мәзірі талапқа сай деп ақталады.


— Негізі осындай жағдай бірінші рет болып жатыр. Біз қалай білдік, бүкіл органдарға камераның бәрін предоставить еттік. С нашей сторны бәрі прозрачно. Ол видеода столдың үтсінде қасықтары да жоқ, тек үш тарлека тұр. Демек, патноспен тасып жатқан кезін ата-аналар көрді. Дәл сол моментте полный көрсетейін десем, свет өшіп қалды — деп жауап берді РАУШАН ПІРІМЖАНОВА, «ЖАС ҰРПАҚ» КОРРЕКЦИЯЛЫҚ БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ.
Яғни меңгеруші өзге ата-аналардың балаларамызды ұрды деген шағымын жоққа шығарады. Ал аутизмге шалдыққан баланы еденге құлатқан тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан шығарылған. Қазір полиция “кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамау” бабымен іс қозғады.

Алдыңғы мақала

Қызылордалық жастардың құқықтық сауаттылығы артты

Келесі мақала

Қазақстанда жыл басынан бері 150-ге жуық білім беру нысаны ашылды

Оқи отырыңыз

Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты
Әлеумет және экономика

Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді
Қоғам

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды

Қызылордада картон зауыты іске қосылады
Бизнес

Қызылордада картон зауыты іске қосылады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

Қанат Бозымбаев Қармақшы ауданындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты

Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты

83 жастағы әже көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды

Кәсіби даярлық-сапалы медицина кепілі

Өзекті жаңалықтар

Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды
Құқық

Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды

0

Марқұмның денесін көрген тұрғындардың бірі, полиция шақыртқан. Полиция күдіктіні бірден тауып, қамауға алды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып...

Аймақта сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі мен өсімі тұрақты қамтамасыз етілуде

Аймақта сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі мен өсімі тұрақты қамтамасыз етілуде

Теміржолшылар құрметке бөленді

Теміржолшылар құрметке бөленді

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады

Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Шымкентте із-түссіз жоғалған 26 жастағы қыздың мәйіті қоқыс жәшігінен табылды
  • Аймақта сұйытылған мұнай газының қолжетімділігі мен өсімі тұрақты қамтамасыз етілуде
  • Теміржолшылар құрметке бөленді
  • Қызылордада Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік басталады
  • Жазасын өтеушілер бостандыққа шықты
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі