• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 20 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Аймақ басшысы Аризона геномика институтының директоры Род Вингпен кездесті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Аризона (АҚШ) геномика институтының директоры, профессор Род Вингпен кездесті. Кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исакаев қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

16.05.2026
in Әлеумет және экономика
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Басқосуда аграрлық геномиканы дамыту және күріш шаруашылығына заманауи геномдық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

«Қазір облыста ауыл шаруашылығы құрылымдарын жоғары репродукциялы күріш тұқымымен қамтамасыз ететін, аттестатталған 5 тұқым шаруашылығы жұмыс істейді.

Аймақта егілетін күріш дақылының 2,7 пайызы ғана – отандық, қалған 97,3 пайызы – шетелдік сорттар.

Күріш селекциясын дамыту, Ресей, Қытай, Иран, Өзбекстан, Вьетнам, Түркиядан жаңа сорттарды жерсіндіру бағытында сынақ тәжірибелері жүргізілді.

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының «Сыр сұлуы», «Айсара» сорттары мемлекеттік сорт сынағынан өтуде. Тұқым шаруашылығын дамытуға мемлекет жыл сайын субсидия береді.

Бүгінде құрғақшылық пен топырақ тұздылығына бейімделген дақылдардың, вегетациялық мерзімі қысқа сорттардың егіс көлемін ұлғайту баста назарда.

Жұмыс сапарыңызға сәттілік тілеймін. Күріш селекциясын дамыту жолындағы еңбегіңіз әрдайым нәтижелі болсын», – деді МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ.

Профессор былтырдан бері Kozybayev University жанындағы Агрокомпетенция орталығымен бірлесіп жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта тараптар Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығына геномдық технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуда.

Сапар барысында профессор Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіне барып, оқу орнының ғылыми-зерттеу әлеуетімен және заманауи зертханалар жұмысымен танысады. Бұдан бөлек, «Абзал и К» ЖШС күріш өңдеу зауытына, Нағи Ілиясов ауылына және «Мағжан и К» серіктестігінің егіс алқаптарына барады.

​Айта кету керек, өңірде 270 мың гектар суармалы жер бар. Оның 179 мың гектарға жуығы – алты массивте орналасқан, инженерлік жүйеге келтірілген ауыспалы егіс алқаптары.

Жыл сайын вегетациялық кезеңге 3,2-3,6 млрд текше метр көлемінде суармалы су лимиті бекітіледі. Осы лимитке сәйкес 185-190 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі.

Сыр өңірінің негізгі дақылы саналатын күріш жыл сайын 85-90 мың гектар алқапқа себіліп келген. Алайда кейінгі жылдары суармалы су тапшылығына байланысты күріш егісінің көлемін 70 мың гектарға дейін қысқарту жоспарлануда. Өңірде республикадағы жалпы күріш көлемінің 90 пайызы өндіріліп, өнімнің 35-40 пайызы экспортқа шығарылады.

Алдыңғы мақала

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Келесі мақала

Қазақстан жастары Мемлекет басшысына деген сенімнің ең жоғары деңгейін көрсетеді

Оқи отырыңыз

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
Әлеумет және экономика

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
Экология

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
Өнер

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Қызылордада жасалған» жиһаз – цифрлық өндіріс пен отандық брендтің жаңа белгісі

Жаңа жылу электр орталығы – ел игілігіне

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы қандай?

Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Өзекті жаңалықтар

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Әлеумет және экономика

«Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді

0

Вокзал Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасы аясында жаңа келбетке ие болды. Бүгінде еліміздегі 124 вокзалда жөндеу...

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

«Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Арал теңізі» теміржол вокзалы пайдалануға берілді
  • Тоғыз жолдың торабындағы маңызды нысан қайта жаңғыртылды
  • Қызылордада «Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық сабақтар өтті
  • «Жастық щағымның куәсі — Қызылорда!» ретро-фестивалі өтті
  • «Ауыл аманаты»: Қазалыда 255 жоба жүзеге асып, 300-ге жуық жұмыс орны ашылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі